Жұлдыз жорамал

27.05. — 02.06.

Тоқты
Апта басында отбасында мамы­ра­жай өмір орнап, бәрі қуан­тады. Алыстан қонақ келуі мүм­кін. Сәр­сенбіде бір даулы істе әділет­тілік жеңеді. Жұмыста аяқ­тан шалу­шылардан сақ болыңыз. Бас­тық­қа қарсы келмеуге тырысыңыз.
Торпақ
Апта бойы жұмыстағы бір қиын­дық­тармен күресуге тура келеді. Жүй­­кеңіз жүндей түтілсе де, ашуыңызды отбасынан алмаңыз. Бей­­сенбіде ескі досыңыз қайта ора­ла­ды. Демалыс күндері күтпеген қонақ­тар мазаңызды алуы мүмкін.
Егiздер
Шамаңыз келетіннен артық жұмыс алып, шаршағаныңызды сезе­сіз. Жүгіңізді жеңілдетіп, ісса­пар­дан бас тартқаныңыз жөн. Сен­ген адамыңыз жарға жығуы мүм­кін. Есесіне маңызды істеріңізді аяқ­тай­сыз. Демалыста киноға барыңыз.
Шаян
Апта басында керемет тосынсый күтіп тұр. Досыңыз өте тиімді ұсы­ны­с жасауы мүмкін. Қалтаңызда әде­т­­тегіден көбірек ақша пайда болы­п, қалаған затыңызды сатып ала­­сыз. Демалыс күндері бақшада жұм­ыс істеген пайдалы.
Арыстан
Жеке өміріңізді өзгертуге керемет мүмкіндік тумақ. Жаңа адам­дармен батыл танысыңыз, бағы­ңызды та­ба­рыңыз анық. Спортпен айналы­сы­ңыз, денсаулық үшін одан артық ем жоқ. Жалақыңыз өсуі мүмкін. Дема­лыста көңіл көтересіз.
Бикеш
Күш-қуатыңыз төмендеп, жұмыс орнын ауыстыруға аңсарыңыз ауады. Одан да демалыс алып, қы­ды­­рып келіңіз. Түбегейлі өзгеріс жасар уақыт емес. Өз көңіліңізді өзі­ңіз көтеріңіз. Демалысты сұлулық сало­нында өткізгеніңіз жөн.
Таразы
Әдеттегіден ашуланшақ болып кете­сіз, оған жағдай кінәлі болмақ. Жұмыста аяқтан шалушылар табылады. Бейсенбіде ғана бәрі рет­теледі. Көптен мақтау естіп, сыйлық алма­дыңыз. Алайда жексенбі күні жаңа табынушы табылады.
Сарышаян
Өміріңізде қандай өзгерістер бол­ғалы тұрғанын сіз әлі білмейсіз. Сей­­сенбіде біреудің қызметі жоға­ры­ласа, біреу жұмысын ауыстыруы мүм­­кін. Сәрсенбіде қолыңызға қомақ­ты ақша түседі. Апта аяғында маңыз­ды жаңалық естисіз.
Мерген
Бұл аптада маңызды таңдау жасауға тура келеді. Жұмысыңызды ауыстыру онша дұрыс шешім емес. Күтпеген жерден пайда болған біреу өміріңізді қиындатып жіберуі мүмкін. Жұма күнгі іскерлік кездесулер сәтті аяқталады.
Тауешкi
Сіздің қазір мүмкіндігіңіз шек­теулі. Асығыс шешім қабыл­дамай, соңын күте тұрыңыз. Сәр­сенбі күні қаржылық жағдайыңыз қуан­та қоймайды. Отбасында керіс тудыр­маңыз. Соңы үлкен дауға айна­лып, өміріңізді ойрандауы мүмкін.
Суқұйғыш
Бәрінің мінсіз болғанын қалай­сыз, бірақ кедергі көп. Мұн­шалықты жауапты болудың қажеті жоқ. Ең алдымен балаларға еркіндік беріңіз. Шақыр­ған жерден қалмаңыз. Дема­лыс­та жолға шығыңыз, саяхат жақ­сы әсер сыйлайды.
Балық
Бұл апта жақсы жаңалықтарға толы болмақ. Ұзаққа созылған шаруа­лар өрге басады. Шаршайсыз, бірақ нәтижесі қуантады. Сізге сезі­мін білдірушілер де болмай қал­май­ды. Ескі таныстармен ортақ іс бас­тауыңыз да ғажап емес.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.