Жұлдыз жорамал
03.06. — 09.06.
Тоқты
Ешкіммен ұрыспауға тырысыңыз. Кейін татуласу қиын болады. Жүйкеңізді тыныштандыру үшін қолөнермен айналысыңыз. Әзірге қомақты табыс табу мүмкіндігі жоқ. Дұрысы, жұмыстан демалыс алып, саяхаттап қайтқан жөн.
Торпақ
Жұмыста да, жеке өміріңізде де біраз қиындықтар болуы мүмкін. Бірақ, сіз бәрін жеңіп шығасыз. Тек дәл қазір ешкімнен қарыз алмаңыз да, бермеңіз де – қайтара алмайсыз. Демалыс күндері қонақ күту сіз үшін пайдалы болмақ.
Егiздер
Маңызды жұмыстарыңызды осы аптаның аяғына дейін бітіруге тырысыңыз. Шаршасаңыз, демалыңыз, әйтпесе денсаулығыңыз сыр беруі ғажап емес. Балалар біраз қиындық әкелуі мүмкін. Бәрін ашумен емес, ақылмен шешіңіз.
Шаян
Бұл аптадағы барлық таныстық болашақтың іргетасын қалауға көмектеседі. Адамдарға жылы шырайлы болыңыз, сіздің табыс кілтіңіз осы. Апта аяғында жұмысқа қатысты тиімді ұсыныс түседі. Ақылдаспай, шешім қабылдамаңыз.
Арыстан
Қай іспен айналыссаңыз да, «не ексе, соны оратынын» ұмытпаңыз. Есіңізде болсын, жақсылық та, жамандық та қайтып оралады. Бастықпен ұрыспаңыз, жұмыссыз қаласыз. Майлы, ащы асты шектеңіз, асқазан мазалауы мүмкін.
Бикеш
Шым-шытырық оқиғаларға толы апта. Дәл қазір қоныс аударуға қолайлы кезең емес, бірдеңе дұрыс болмауы мүмкін. Жалғыз болсаңыз, көпшілікпен араласыңыз. Перзент сүюді армандап жүргендердің айы оңынан туғалы тұр.
Таразы
Барлық жағдай сіздің оң жамбасыңызға келіп тұр. Тіпті бұрын қолыңыздан келмеген нәрсенің өзін шырқ үйіресіз. Демалыста жұмысты да, үй шаруасын да ұмытып, демалыңыз. Жұмыс ешқашан бітпейді, бәрін үлгеру мүмкін емес.
Сарышаян
Жақында бастаған ісіңіз тоқырап қалуы мүмкін. Не істесеңіз де нәтижесі болмайды, көндігіңіз. Жұмыста бәрімен жақсы қатынаста болыңыз, әйтпесе аяқтан шалушылар аз болмайды. Жарыңыз да сіздің жылы қабағыңызға зәру.
Мерген
Не істеп, не айтқаныңызға мұқият болыңыз. Кейде үндемей қалған да дұрыс. Жеке қарым-қатынаста өкпе мен түсінбестік орын алуы мүмкін. Бәрі ушығып кетпеуі үшін бірінші болып кешірім сұрай салыңыз. Жарақат алу қаупі бар.
Тауешкi
Қанша зәбір көрсеңіз де, ешкімге шағымданбаңыз. Бар қиындықты жалғыз көтеруіңіз маңызды. Аптаның аяғына қарай бәрі реттеле бастайды. Әсіресе қаржылық жағдайыңыз кісі қызығарлық: қомақты ақша күтуіңізге болады.
Суқұйғыш
Бау-бақшаның жұмысын әзірге басқа біреуге тапсыра тұрыңыз, сізге төнген қауіп бар. Айналаңыздағыларға көбірек мақтау айтыңыз, көп өтпей пайдасын көресіз. Демалыста қызықты саяхат немесе романтикалық кездесу күтіп тұр.
Балық
Бұл аптада бойыңызға үлкен күш-қуат құйылып жатқанын сезінесіз. Ерлік жасап, әлемді бағындыруға аттаныңыз! Қай салада да үлкен табыс күтіп тұр. Ерте тұрып, спортпен айналысыңыз. Сенбі күні алаяқтардан абай болыңыз.