Жұлдыз жорамал
24.06. — 30.06
Тоқты
Сіз үшін өте сәтті апта. Жұмыста маңызды жобалар жақсы нәтиже береді. Тек сүйіктіңізге берген уәдеңізді орындауға тырысыңыз. Ақшадан таршылық көрмейсіз. Саяхатқа шығуды жоспарлаған болсаңыз, кейінге қалдырмаңыз.
Торпақ
Бұл аптада ақшаны өзіңізге жұмсаңыз, киім сатып алыңыз, сұлулық салонына барыңыз, демалыңыз. Жаңа таныстық жалғыздықтан құтқарады. Кәсіби табыс әкелетін ұсыныс түсуі мүмкін. Тек өзіңізді пайдалануына жол бермеңіз.
Егiздер
Жұмыста бір жоспарыңыз бұзылуы мүмкін, бірақ одан да жақсы жаңалық күтуіңізге болады. Шақырған жерден қалмаңыз. Сүйіктіңізбен ашық сөйлесу пайдалы болмақ. Демалыс күндері романтикалық кездесуге дайын болыңыз.
Шаян
Қанша жерден оңаша қалғыңыз келсе де, достарыңыз оған жол бермейді. Біреу үшін өз жоспарыңызды бұзбаңыз. Күтпеген жағдайлардың көмегімен қаржылық жағдайыңызды жақсартасыз. Кездесуге шақырса, бас тартпаңыз.
Арыстан
Өзіңізге азырақ еркіндік беріп, демалыңыз. Бәрі үшін уайымдап, бақылауда ұстаудың қажеті жоқ. Жаңа бастамаларыңыз жақсы табыс әкеледі. Қомақты ақша ұстауға дайындала беріңіз. Өзіңізге тиесілі нәрсені алуға ұялмаңыз.
Бикеш
Ісіңіз бірден өрге басып, мол кіріс әкеледі. Іссапарларға, білім алуға және жаңа таныстыққа қолайлы кезең. Қызмет орнын ауыстыруыңыз да мүмкін. Сүйіктіңізге бағынышты адамдай қарамаңыз. Кеңесіне құлақ асқаныңыз жөн.
Таразы
Басшылықтың сеніміне кіріп, жақсы ақша әкелетін жаңа жобаға ие боласыз. Жолыңызда кездескен жақсы адамдардың ұсыныс-кеңестеріне құлақ түріңіз. Жеке өміріңізде жарқын күндер күтіп тұр. Кездесуге шақырса, бас тартпаңыз.
Сарышаян
Апта бойы көптеген жерлерге шақырту аласыз, сондықтан жұмыс пен үй шаруасына уақыт қалмауы мүмкін. Дегенмен, шақырған жерден қалмаңыз. Бұл сізге атақ-даңқ әкелуі мүмкін. Демалыс күні отбасымен болғаныңыз жөн.
Мерген
Сізге қазір бастығыңыздың көзіне түсуге ұмтылғаннан гөрі демалып, өз денсаулығыңызды күткен дұрыс. Тамақтану тәртібіңізді де реттеңіз. Жеке өміріңізде оң өзгерістер бар. Отбасындағы татулық жанға жылу сыйлайды.
Тауешкi
Денсаулығыңызға күтім керек. Мүмкін болса, демалыс алып, өзіңізден ақша аямаңыз. Демалыс күндері ескі достарыңызбен кездесуіңіз мүмкін. Жалғыз болсаңыз, сізге мейірім мен қауіпсіздік сыйлайтын адамға назар аударыңыз.
Суқұйғыш
Бір кездері жолым болмады екен деп, бас бұғып жата беруге болмайды. Дәл қазір сілкініп, іске кірісіңіз. Туыстарыңыз да көмектеседі. Жарыңызға сіздің қолдауыңыз қажет. Қызғанышқа ерік бермей, бәрін ашық сөйлесіп, шешіңіз.
Балық
Сұлулық, үйлесімділік пен өнерге қатысты жұмыстармен айналысатындар үшін табысты апта. Ұрысқан досыңызбен татуласасыз. Көңілін білдірушілер де аз болмайды. Біраз тиімді іскерлік келісім жасап, жақсы табыс табасыз.