Жұлдыз жорамал

01.07. — 07.07.

Тоқты
Апта бойы сәттілік сіздің жаны­ңыздан ұзамайды. Жалғыз бол­саңыз, қаншама адамның қолы жет­пей жүрген жанның жүрегін жау­лайсыз. Отбасылы жандар келіс­пеу­шіліктен құтылады. Туыстардан ешқандай көмек күтпей-ақ қойыңыз.
Торпақ
Сіз үшін орындалмайтын шаруа бол­майды. Нәтижесінде кәсіби беде­ліңіз де артып, табысыңыз да көбейеді. Тек жақын қарым-қатынас құру қиын болмақ. Көрінгеннің ете­гінен ұстауға асықпаңыз. Дема­лыс­та қызықты шара күтіп тұр.
Егiздер
Бастығыңыздың кәріне ұшыра­ғыңыз келмесе, өзіңізді біраз «сығуға» тура келеді. Есесіне дема­лыс­та қалауыңызша демаласыз. Ас пен ішімдіктен улану қаупі бар. Жауап­сыз махаббатыңыздан бас тар­тып, жаңа қатынас бастайсыз.
Шаян
Ғашықтық машақаты жаныңызды азап­тауы мүмкін. Үйге тығылмай, сырт­та айналысатын жұмыс табы­ңыз. Достармен кездесіп, спортпен шұғыл­даныңыз. Әзірге үй жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу­ге қолайлы кезең емес.
Арыстан
Апта бойы қоғамдық маңызды оқи­ғалардың ортасында жүресіз. Әл­дебір топтың көшбасшысы болуы­ңыз ғажап емес. Сүйіктіңіздің ыстық сезіміне қол жеткізесіз. Дема­лыс күндері көңілді отырыстар мен ішім­діктен бас тартыңыз.
Бикеш
Бұл аптада әлдебір материалдық емес арманыңыз орындалады. Тек өзгенің бақытсыздығынан бақытты бола алмайтыныңызды ұмытпаңыз. Қайта­рымсыз көмектескісі келе­тін­дерге жоламаңыз, ешқашан ештеңе тегін болмайды.
Таразы
Үлкен қиындықтар бола қой­майды, дегенмен ұсақ-түйек кедер­гілерді жеңуге тура келеді. Әрбір ісіңіз бен сөзіңізге абай болыңыз. Еш­кімге сезім білдіріп, достасудың әзірге керегі жоқ. Ал қаржылық жағ­дайыңыз біршама жақсарады.
Сарышаян
Бүгінгі істі кейінге қалдырмаңыз. Әйтпесе кейін істеуге мүмкіндік бол­майды. Достарыңыздың не серік­тесіңіздің бірі сатқындық жасауы мүм­кін. Ақшадан тарықпайсыз. Дема­лыста базарласаңыз, біраз пай­далы зат сатып ала аласыз.
Мерген
Кез-келген дау-дамайдан аулақ жүріңіз. Әйтпесе досыңыз не туысыңызбен ұзақ уақыт бет көріспей кетесіз. Әлдебір жобаңыз үлкен қолдауға ие болады. Мүлікке қатысты мәселе бейбіт жолмен шешіледі. Артық тамақтанбаңыз.
Тауешкі
Апта бойы өзіңізбен әуре боласыз. Салмақ тастау, сырт кел­бет­
осы болмақ. Жақын күнде жұмысқа тек­серу келуі мүмкін, сондықтан барын­ша мұқият дайындалыңыз.
Суқұйғыш
Сізге қазір тұйықтықты қою керек. Тез шешім қабылдауды қажет ететін жағдай күтіп тұр. Батыл болмасаңыз, бұйырып тұр­ған нәрседен айырыласыз. Калория­сы көп тамақты шектеңіз және дәрі­гер­дің нұсқауын қалт жібермеңіз.
Балық
Жеке бизнесі барлар біраз табысқа қол жеткізеді. Бірақ, жоспар­ла­ры­ңызды ешкіммен бөліспеңіз. Жал­дамалы қызметкерлердің бас­тамасы әзірге қолдау таба қой­май­ды. Жеке өміріңізді өзгертпек әре­кетіңіз де онша сәтті болмайды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.