ЖЫЛ СОҢЫНДА 20 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНДЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ КӨЗДЕЛІП ОТЫР

Бұл туралы бүгін Ақпарттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков пен «ҚазТрансГаз» АҚ газды өткізу және тасымалдау бөлімінің басшысы Жеңіс Қуанышбековтің қатысуымен өткен брифингте айтылды.

«Бүгінде, Шымкент қаласының 93 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. Осы ретте табиғи газбен 81 елді мекеннің 42-сі толық, ал 31 елді мекен жартылай қамтылды. Бұл жылы толыққанды газбен қамту көрсеткішін 94,7 пайызға жеткізу жоспарға қойылып отыр. Яғни жылдың қорытындысы бойынша, 20 мыңға жуық адам табиғи газбен қамтылады деп күтілуде. Сондай-ақ, қаланың даму жоспарына сәйкес, 2025 жылы мегаполис  тұрғындары 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылатын болады», — деді басқарма басшысы.

Спикердің сөзінше, 2022 жылдың I тоқсаны бойынша,  9 елді мекенде газ желісінің құрылыс жұмыстары  жүргізіліп жатыр. Олар: Батыс, Тассай, Арғымақ, Ақтас, Нұртас, Ақтас-2, Ақжар, Қөқбұлақ, Тұран ш/а (2 кезекте).

Сонымен бірге Сәуле, Ақтас  магистралдық құбырлары мен Тұран (3 кезек), Асар-2 (3 кезек), Солтүстік саяжайы елді мекендерінің газ желісі құрылысын жүргізу үшін  мердігер мекемелерді анықтауға мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде.

Айта кетейік, қаламызда іске қосылған АГРС — 3 нысаны еліміздегі қуаттылығы ең жоғары газ тарату станцияларының бірі болып саналады. Бұл станция сағатына 250 мың текше метр көгілдір отын таратуға қауқарлы.

Шымкент қаласының Ақпарттық-коммуникациялық орталығы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.