«Ауылым – алтын тұғырым» байқауының жеңімпаздары анықталды

2020 жылғы 24 сәуір-14 мамыр аралығында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы тарапынан #Ауылым алтын тұғырым атты байқау ұйымдастырылған еді. Басты мақсат — #Үйдебол челленджі аясында туған жерге деген патриоттық сезімді ояту мен өңіріміздің табиғатын насихаттау еді.
Байқауға қатысып, бағын сынаған 40-қа жуық әлеуметтік желі қолданушыларының тізімі 25 мамырда жарияланған болатын.
Әділқазылар алқасы барлық материалды сараптап, әділ шешім шығарды. Сол себепті бүгін байқаудың қорытындысын жариялайтын салтанатты сәт туды.
«Ауылым – алтын тұғырым» әлеуметтік желі белсенділерінің арасында өткен онлайн байқауында талантымен танылып, ерекше көзге түскен азаматтар тізімі:
БАС ЖҮЛДЕ — ІҢКӘР ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ
І ОРЫН — БАЛТАБЕК ИСАҚҰЛЫ
ІІ ОРЫН — БЕЙБІТ НАРЫНБЕКҰЛЫ
ІІІ ОРЫН — БЕГМАН САТТАРҰЛЫ
ІІІ ОРЫН — БЕГМАН САТТАРҰЛЫ
Сонымен қатар, ынталандыру сыйлығына төмендегі азаматтар ие болды:
ЖАНАРБЕК САДЫХАНҰЛЫ
АРҚАЛЫҚ ӘМАЛИЯТҰЛЫ
ДӘУРЕН ТІЛЕУХАН
Ұйымдастырушылар барлық қатысушы азаматтарға алғыс білдіре отырып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломмен марапатталғанын хабарлайды.
Сыйлықтар карантин режиміне сәйкес, жеңімпаздар үйіне жеткізіліп, тапсырылады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.