ТҮРКІСТАНДА «ДӘРІГЕРЛЕРГЕ МЫҢ АЛҒЫС» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Елімізде 15 шілдеден бастап ақ халатты абзал жандардың құрметіне «Nur Otan» партиясының  «Jas Otan» ЖҚ «Дәрігерлерге мың алғыс» республикалық акциясын бастаған болатын.
Төрт айдан астам уақыт аяқтарында тік тұрып, әрбір өмірге араша түсуде ерекше, қажырлы еңбек етіп келе жатқан дәрігерлерге  қандай құрмет көрсетсе де жарасады.
Қауіпті індетпен күресіп жүрген дәрігерлерге арналған алғыс қораптарын «Jas Otan» ЖҚ Түркістан облысық филиалы және «Жастар ресурстық орталығы» волонтерлары Түркістан қалалық орталық ауруханасының қызметкерлеріне табыстады. Іс-шараға қатысқан «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының орынбасары Қалыйма Жантөреева партия тарапынан дәрігерлерге өз алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Жылы көңіл мен ыстық ілтипатқа бөленген ақ желеңді абзал жандар партияға, жастарға өз алғысын білдірді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.