Уаһабилік немесе сәләфилік

Уаһабилік немесе сәләфилік ағымының негізін Мұхаммед ибн Абдулуаһаб (1703-1792 ж.ж.) қалаған. Ол ХІІІ ғасырда өмір сүрген Ибн Тәймияның қатаң қағидаға сүйенген бұрыс сенімін басты идеологиялық қару етіп алған. Мұхаммед ибн Абдулуаһаб әһлі-сүннет сеніміне қайшы еңбектер жазып, өзіндік саяси белсенділігін пайдаланып, тарих сахнасында Араб түбегіндегі Нәжд аймағынан бастау алған бүліктердің пайда болуына себеп болды.
Сондай-ақ, бұл ағым Мысырды британдықтар отарлаған кезеңде Жамалуддин Афғани мен Мухаммад Абдух басқарып, туын желбіреткен діни-реформалық кезеңде де қатты қарқын ала бастады. Өйткені, Мысырдың сол кездегі жағдайына байланысты осы қозғалыс «салафия» ұранымен танылған еді.
Бұл қозғалыс сәләф қауымына жақындауға тырысып, «сәләфия» ұранын өзінің аты ретінде иеленгенімен, басқа тұрғыдан салаф-салихиннің ұстанымдары мен әрекеттерін қабылдамай, керісінше олардан алыстай берді.
Осы кезеңде Мұхаммад ибн Абдулуаһаб (1703-1792 жж.) есімімен байланысты «уаһабилік» ағымы белгілі себептерге байланысты Нәжд пен Араб түбегінің кейбір түкпірлеріне тараған болатын. Уаһаби ағымы мен Мысырдағы діни қозғалысты басқарушылардың ортақ бағыттары болды. Бұл пиғыл – бидғат пен қате нанымдарға, әсіресе сопыларға қарсы күресуде байқалатын. Осындай ортақ пікірлер уаһабилік ағымның басшылары арасында сәләф және сәләфия сөзінің жайылуына негіз болды.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.