ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЖҰМЫСТАРЫ 1 АҚПАННАН БАСТАЛАДЫ

Облыста пандемияның ықтимал екінші толқынында аурудың таралуын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда. Осыған байланысты аймақта 1 ақпаннан бастап, коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары жүргізілмек. Ақысыз түрде жүргізілетін вакцина — медицина қызметкерлерінен бастап салынатын болады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді.

«Қазіргі таңда облыс бойынша 610 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылған. Бүгінде инфекциялық төсек-орындар санының жүктемесі — 23,6%, карантиндік төсек-орынның жүктемесі — 13%-ды құрап отыр. Қажет болған жағдайда инфекциялық төсек-орындар санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, 12 бірлік жылжымалы медициналық кешен жиынтығы сатып алынып, аудандарды қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызды құрады. Жедел-жәрдем қызметіне 122 автокөлік сатып алу жоспарланып, 77 автокөлік жеткізілді. Бұл автокөліктер жедел-жәрдем қызметі паркін 96%-ға жаңартуға мүмкіндік береді», – деді М.Пашимов.

Өз кезегінде облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Н.Нышанов ҚР ДСМ-нің эпидемиологиялық ахуалды бағалау көрсеткіштері бойынша Түркістан облысы «жасыл аймаққа» енгізілгенін айтты. Сондай-ақ, бүгінгі таңда облыс бойынша 2021 жылдың 1 қаңтар мен 19 қаңтар аралығында  COVID-19  расталған 231-жағдай тіркеліп, 100 мың халыққа шаққандағы интенсивтік көрсеткіш 11,4 құрағанын жеткізді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.