ТАМАҚТАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

Тамақтан улану – ауру адамнан сау адамға жұқпайтын, кейбір микроорганизмдердің белгілі бір түрімен жаппай тұқымданған, табиғаты микробты немесе микробсыз, органикалық не органикалық емес уытты заттардың тамаққа түсуінен туындайтын жедел (кейде созылмалы) ауру. Тамақтан улану жедел, аяқастынан басталады. Азық-түлікке аз мөлшерде түрлі уытты заттардың түсуінен болады.

Тамақтан улану 2 топқа бөлінеді: микробты және микробсыз.

Микробты улануға токсикоинфекция, токсикоздар, этиологиясы аралас (микс) жатса, ал микробсызға табиғатынан улы және белгілі жағдайда улылық қасиетке ие өнімдермен болатын улану жатады.

Тамақтан уланудың жалпы сипаты: Олардың пайда болуы ас ішуімен

тікелей байланысы; белгілі таралу жолының болмауы; ас қорыту жолының гастроэнтериті; әлсіз организм улануымен өтеді.

Тамақтан уланудың алдын алу жолдары:

  1. Қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдаңыз.
  2. Тамақты дайындау технологиясын сақтаңыз.
  3. Пісірілген тамақты бірден пайдаланыңыз.
  4. Азық-түліктерді мұқият сақтаңыз.
  5. Алдын ала дайындалған тамақты мұқият қыздыру керек.
  6. Шикі және піскен тамақ өнімдерін қатар сақтамаңыз.
  7. Қолыңызды жиі жуып тұрыңыз.
  8. Ас үйді таза ұстаңыз.
  9. Таза суды пайдаланыңыз.
  10. Тамақты жәндіктер мен кеміргіштерден аулақ сақтаңыз.

Ас ішу арқылы өзімізге керекті витамин, белок секілді органикалық заттарды тұтынамыз. Бірақ тағамдарымызды пайдаланбас бұрын оның сапасына, құрамына, пайдалану мерзіміне қараған жөн.

С.Ахимбекова,

Шымкент қаласы Қаратау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының бас маманы.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.