Шымкентте ұялы телефон ұрлаған азамат анықталды

2021 жылдың 21қарашасында Еңбекші АПБ-на «102» нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Онда танысының үйіне қонаққа барып қуатталып тұрған жерінен «Iphone-7» маркалы ұялы телефонын белгісіз тұлға ұрлап кеткенін көрсеткен.

Еңбекші АПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері ұрлық жайты орын алмас үшін қоғамдық орындарда бағалы заттары мен ұялы телефондарына мұқият болып, яғни сақтық шараларын жасауға кеңес береді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.