Қайнатпа шұжық

Құрамы: 500 г сүйексіз тауық еті, 400 г сүт, 1 жұмыртқа, 2 ас қасық крахмал, 6 бөлік сарымсақ, 2 шай қасық тұз, 1/2 шай қасық құмшекер, 1/3 шай қасық қара бұрыш, 1/3 шай қасық күнзе, 1/3 шай қасық даршын, 1/3 шай қасық бадам жаңғағы.

Дайындалуы: Тауық етін турап, блендерде езбеге айналғанша әбден араластыру керек. Үстіне сүт, дәмдеуіштерді, тұз, құмшекер мен крахмалды, жұмыртқа мен ұсақтап туралған сарымсақты қосып, тағы араластырамыз. Біртекті езбе пайда болуы тиіс.

Енді бірнеше кружканың ішін майлап, 4/5 көлемін толтыратындай етіп тауық етінің езбесін саламыз. Бетін ас пленкасымен жауып, сыртынан орап қоямыз.

Үлкен кәстрөлдің астына мата жайып, матаға ет езбесі салынған кружкаларды қоямыз да, кружкалардың белінен келетіндей етіп су құямыз. Кәстрөлді отқа қойып, баяу отта 40 минуттай қайнатамыз. Сосын алып, біраз суыған соң, кружкаларды төңкерсеңіз, керемет қайнатпа шұжықтың дәмін тата аласыз.

Асыңыз дәмді болсын!

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.