Ең қымбат ескі көлік

Jaguar E-Type жарыс көлігі 1964 жылы Францияда өткен «Монлери» жарысында тректегі апат салдарынан түгі қалмай қирап, оның жүргізушісі Питер Линднер оқиға орнында опат болған еді. Алайда аңызға айналған сол жарыс көлігі бүгінде қайта оралды.

«Монлери» жарысынан кейін арада 36 жыл өткенде көліктің түкке жарамсыз болып қалған қалдықтары әлдебір француз азаматының гаражынан табылады. Осыдан кейін оған қызығушылық танытқан реставраторлар көлікті қайта қалпына келтіру жұмыстарына кіріседі. Осылайша 10 жыл бойы тоқтаусыз тер төккен мамандардың арқасында аңыз-көлік қайта жарыс жолағына шықты. Бүгінде оның құны 7 млн доллардан асады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.