Робин ШАРМА: «Өмірдің 200 сабағы»

  1. Өзіңізді ширақ, айналаңызға адамдарды үйіре алатын тұлғаға айналдыруды мақсат етіп қойыңыз. Мұны біздің әрбіріміз жасай аламыз, бірақ оны жасайтындар аз. Джон Кеннеди бала күнінде аурушаң болған, бірақ ол өзінің тән әлсіздігін жеңіп, АҚШ тарихындағы ең тартымды да үйірімпаз саяси көшбасшыға айнала алды. Ұсақ-түйектен бастаңыз. Дейл Карнегидің көпшілік алдында сөйлеу жөніндегі кеңестерін оқыңыз. Кітапханаға барып, әңгімелесу шеберлігі және өзін-өзі жетілдіру жөніндегі кітаптарды іздеңіз. Өткір және әдепті үш әзілді жаттап алыңыз және көп адамдармен араласыңыз. Нәтижесінде сіз осыдан ләззат алып, сенімді достар мен серіктестер табасыз.
  2. Қытайлардың мынадай бір қанатты сөзі бар: «Ақылды адаммен бір әңгімелескенің – бір ай кітап оқығанмен тең». Ақылды, дана адамдарды тауып, солардан тәлім алыңыз. Олар сіздің бойыңыздан кішкентай ғана қызығушылық ұшқынын байқаса болғаны, өз білгенін сізге қуана үйретеді.
  3. Лао Цзы ұлы тұлғаның үш маңызды қасиетін бөліп көрсеткен: «бірінші – сыпайылық; екінші – ұқыптылық; үшінші – маған өзімді өзгелерден биік қоюға жол бермейтін қарапайымдылық. Сыпайы болыңыз – сонда батыл бола аласыз; ұқыпты болыңыз – сонда өз еркіңіз өзіңізде болады; өзіңізді өзгелерден биік қоюдан аулақ болыңыз – сонда нағыз көшбасшыға айналасыз».
  4. «Егер бірдей екі бағыттың қайсысын таңдарыңызды білмей тұрсаңыз, тәуекелі көбірегін таңдаңыз», – деген У. Дж. Смит. Тәуекелдің орнын ештеңе алмастыра алмайды. Жүрген сайын жарақаттану қаупі арта түскенімен, бұл бір орында тұрғаннан әлдеқайда жақсы. Тәуекел етіңіз, бірақ мұны ақылмен жасаңыз, сонда сізді үнемі өзіңіз тіпті армандап та көрмеген табыстар күтетін болады.
  5. Жарыңыздың басты сүйеніші болыңыз, әрдайым оның армандары мен үміттеріне қолдау көрсетіңіз. Бірге дамып, екі жауынгерден тұратын әскерге ұқсап, өмір жолымен бірге жүріп өтіңіз.
  6. Сізге шабыт беріп, ынталандыра алатын және сіздің мақсаттарыңыз бен ұмтылыстарыңызға қолдау көрсете алатын үш адамды еске түсіріңіз. Алдағы бірнеше аптаның ішінде олардың әрқайсысымен жеке кездесуді жоспарлаңыз. Оларды мұқият тыңдап, бірге ойласыңыз. Өз стратегияңызды белгілеп, олардың ақылды кеңестеріне құлақ асыңыз.
  7. Әр күніңізді нағыз өнер туындысына айналдырыңыз. Есіңізде болсын, сізді тежеп тұрған – сізде бар нәрсе емес, керісінше, сізде жоқ нәрсе.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.