Шығыс жұлдызнамасы: СИЫР ЖЫЛЫ

Қызба мінезді Сиыр белгісіндегілер әділдікті сүйетін Ит жылы менмендігін қойып, өзгелермен санасуды үйренбесе, жағдайы қиын болмақ. Басшы қызметтегі және айтқанын істетіп үйренген жандар өздерінің қоластындағыларға қатысты әділетсіз әрекеттері үшін жазасыз қалмайды. Өзіңіз көбіне көзге ілмейтін қарапайым адамдар сізді мызғымас абырой-беделіңізден бір сәтте айыруы мүмкін. Мұндай ауыр соққы жүйкеңіздің сыр беруіне алып келеді. Сондықтан, ақша мен мансаптың соңынан қуа бермей, өзіңізге де, өзгеге де бір сәт тыныштық беріңіз. Өзіңізге қымбат және сізді жақсы көретін адамдармен көбірек уақыт өткізуге тырысыңыз.

2018 жылдың соңына қарай қомақты қаржылық табыс күтіп тұр. Бұл бай мұра немесе жоғары қызмет болуы да мүмкін. Болмаса жалақыңыз өседі не табысты адаммен шаңырақ көтересіз. Қалай болғанда да ұтылмайсыз.

Желтоқсан айында жалғызбасты Сиыр белгісіндегілер өзінің жартысын табады. Отбасылы жандардың да өмірі бір қалыпқа түсіп, өзара толық түсіністікке қол жеткізеді. Некеге тұрғысы келетіндер үшін өте қолайлы уақыт осы.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.