Шығыс жұлдызнамасы: БАРЫС ЖЫЛЫ

2018 жылы Барыс жылы туылғандар ашушаң да қызба мінезінен арылып, көнбіс те сабырлы қалыпқа түседі. Жылдың басында артық әрекет жасамай, тіпті жалқаулық басып жататын олар қыстан кейін табиғат-ана ояна бастасымен азулы жыртқышқа тән болмысын қайта табады. Бұл мінез ерекшеліктері ең алдымен жұмысына оң әсер етеді. Ол мықты тегеурінімен қарсылас шыдатпай, діттегеніне жетпей қоймайды. Сондықтан, 2018 жылдың наурыз айы – өз бизнесін бастағысы келетіндер үшін өте сәтті кезең. Әсіресе, отбасы мүшелерімен немесе достарымен бірігіп жүзеге асырған жобалары жақсы табыс әкеледі.

Өз сезіміне сенімді Барыс белгісіндегілер ұнатқан адамына ішкі сырын ашып айтып, жаздың аяғына қарай той қамына кірісіп те кетеді. Дәл осы кезеңде қомақты ақшалай сыйақы алуыңыз да мүмкін.

Жылдың соңына қарай денсаулығыңызға мұқият болғаныңыз абзал. Тіпті болмашы тұмаудың өзі, егер оны дер кезінде емдемесе, ауыр асқынуларға алып келуі ықтимал. Қысты аурухана төсегіне таңылып өткізгіңіз келмесе, дерттің алдын алып, дер кезінде қам жасағаныңыз дұрыс.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.