02. Біле ме, бұл қазағың Бауыржанын?!

Шерхан МҰРТАЗА, жазушы

Орысша оқып білім алған қазақтар аз емес. Толып жатыр. Бірақ солардың көбі қазақ болып қала алмады. Түрі қазақ. Ділі, тілі бөлек. Мұндайлардың тек имандылары ғана болмаса, көбісі «Мен қазақпын!» деп қасқая тұрып айта алмайды. Айтуға намыстанады.

Бауыржан Момышұлы да әліппені орысша бастаған. Бүкіл қызметі орыс тілінде өтті. Бірақ ол НАҒЬІЗ ҚАЗАҚ болып қалды.

Ол орысша сөйлегенде оның асқан шешендігіне, ой жүйесінің, логикасының жампоздығына, биік білімділігіне ең зиялымын деген орыстардың өзі таң қалып, таңдай қағар еді.

Бірақ ол орысша оқыған басқа көптеген қазақтар сияқты қазақ тілінен безінген жоқ.

Ал өз халқын, өз қазағын ағынан жарыла, жанындай жақсы көрді. Оның өткенін, қазіргісін, болашағын ойлап, қайрат қылды, күресті.

«Жеңіске тек рухтың күштілігімен ғана жетуге болады», — дейді Бауыржан Момышұлы.

Ол халықтың, ұрпақтың рухы сынбауын армандайды.

«Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді» деген даналық сөз қазақтың рух туралы, жауынгерлік болмыс туралы биік философиясы. Оны басқалардан кездестіре бермейсіңдер» дейді Бауыржан Момышұлы.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.