Сұлы қайнатпасы бүкіл ағзаны сауықтырады

Ежелгі халық емшілері осы қайнатпаның көмегімен ажалмен арпалысып жатқан талай сырқаттың бетін бері қаратып, аяқтан тұрғызғаны туралы деректер бар. Бұл қарапайым емдік қайнатпаны дайындау қиын емес және қалтаңызға да салмақ салмайды.

 * 1 әдіс. Кәстрөлге 2 стақан су құйып, оған 1 ас қасық сұлыны салыңыз да, бетін жауып, баяу отта бір сағаттай қайнатыңыз.

* 2 әдіс. 1 стақан сұлыны немесе тіпті болмаса дүкендегі «Геркулес» ұлпасын 5 стақан суға салып, қоймалжың сұйықтыққа айналғанша баяу отта қайнатыңыз.

Екі жағдайда да қайнаған сұлыны сүзіп алыңыз да, қалған сұйықтығына 2 стақандай сүт құйып, тағы бір қайнатып алыңыз. Сосын аздап суытып, 4 шай қасық бал қосыңыз.

Бұл сусынды жылы күйінде күні бойына екі не үшке бөліп ішіп тауысыңыз. Көп өтпей-ақ ағзаңыздағы керемет өзгерістерді байқайсыз.

Дайындаған К.ДИДАР.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.