Сағадиев оқулықты Үкімет үйінде отырып жөндей ме?

   Білім саласындағы реформаларымен дау-дамайдың астында қалатын атышулы Сағадиев үкімет отырысында Сағынтаевтан сөз естіді. Бұл жолы Сағадиевтің үкімет басшысын ашуландырғаны – жиындағы баяндаманы тыңдамай, өзіне қойылған сауалға жауап бере алмай қалуы себеп болды. Алматы әкім Б.Байбек баяндама жасап, екі жылдан бері сейсмикалық аудандарға бөлу мәселесі қаралып жатқанын, дегенмен білім министрлігінде осы мәселенің ұзақ қаралып жатқанын соған байланысты бас жоспарды бекіте алмай отырғанын айтып шағымданған болатын. Дәл осы кезде Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімінің шағымына жауап беруін Сағадиевтен сұрағанда, жан жағына жалтаған Білім министрі абдырап қалды. Оның бұл іс-әрекетіне ашуланған Үкімет басшысы ашуын тізгіндей алмады.

   Өзінің бұл әркетін ақтауға тырысқан Білім министрі 6 сыныптың жаңадан шыққан «Дүние жүзі тарихы» оқулығын оқып отырғандығымен түсіндірді. Еліміздегі маңызды мәселелер талқыланатын жиында білім министрі оқулық оқып отырса, ақылға қонбайтын реформалар шықпағанда қайтсін? Сағадиев оқулықтардың сапасын тексеретін басқа уақыт таппады ма, әлде ел Үкеіметіне деген құрметінің парқы осы ма? Оның үстіне қай министрді қойғанда, Елбасы өткізген жиында 10 қайтара оқулықтарын қарап шықса да, түзеліп жатқан оқулық қарасын көрмедік ғой. Сағадиевтің Үкімет отырысындағы бұл жауапсыздығына ешкім таңданыс білдіріп тырған жоқ. Неге?

                                                                                                                                                    Б.Тағай

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.