Шардарадағы шынайы жанашырлық

Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамсыз ету мақсатында Шардара ауданында тұрғындар арасында белсенді жұмыс жүргізіліп келеді. Облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық меке­месінің дінтанушы маманы М.Халықов және Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы Д.Байбековтер бірнеше ауылды аралап, азаматтармен кездесу өткізді. Нақты айтсақ, 16 тамыз күні Ақшеңгелді, Қызылқұм, Алатау батыр және Ұзын-ата ауылдық округтерінде және 17 тамыз күні Көксу, Шардара қаласы, Жаушықұм ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізіп, еліміздің «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы және басқа да заңдылықтар мен нормативтік-құқықтық актілер тұрғысында түсініктемелер берген тартымды кездесулер ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, олар дәстүрлі ислам дінінің негізгі міндеттеріне тоқталып, казіргі таңда түрлі діни ағымдардың өскелең ұрпаққа, жастарымызға рухани тұрғыдан кері әсерін тигізіп жатқанын, сондықтан жастарымызды отансүйгіштікке, халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтап қана қоймай, оны келер ұрпаққа жеткізе білудің маңызы зор екенін кеңінен айтып өтті.

Осы кездесуде дінтанушы маман жоғарыда аталған ауылдардың азаматтарына теріс діни ағымдардан сақтану жолдарын көрсетіп, жат ағымдарға жастардың еріп кетпеуіне жіті назар аударғандары дұрыс екенін көңілге қонарлық етіп жеткізе білді.

 

 

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.