Әлемдегi ең жұмбақ оқиғалар: Егістіктегі шеңберлер

Бұл – ауылшаруашылық егістік жерлерде пайда болған әртүрлі геометриялық фигуралар. Бұл суреттер өсімдіктерді жапыру арқылы мінсіз жасалған және күрделі пиктограммаларды еске түсіреді. Мұндай шеңберлер ең алғаш зерттеушілердің назарын 1970 жылдары аудара бастаған. 1972 жылы Англияның оңтүстігіндегі екі куәгер айлы түні егістіктегі шөптің өз-өзінен жапырылып, шеңберге айналғанын көрген. Ал тарихқа жүгінсек, мұндай пиктограммалар (суреттер) ең алғаш XVII ғасырда байқалған. Олардың пайда болу себебі туралы болжамдар әрқилы: бөгдеғаламшарлық өркениеттің әрекеті, шағын дауылдар, шарлы найзағайлар, мүдделі адамдардың қолдан жасаған қиял-ғажайыбы, т.с.с. Айталық, 1991 жылы Дэвид Чорли және Дуглас Бауэр есімді ағылшындар алғашқы шеңберлерді өздері жасағанын мойындаған. Олар 1978 жылдан бастап 250-ге жуық пиктограмма жасағанын айтады. Бірақ, көптеген адамдар мұның адам қолымен жасалуы мүмкін еместігіне сенімді.

 

(Жалғасы бар). Дайындаған Б.КЕМЕЛ

 

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.