ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОҢ ШЕШІМІ

Кентау қаласының әкімі етіп Ғани Рысбековтың тағайындалуын облыс әкімі Ж.Түймебаевтың басшы-кадр тағайындауындағы оң шешімі деп қабылдағандар аз емес. Біріншіден, Ғ.Рысбеков көп жылдардан бері түрлі басшы қызметтерді атқаруда мол тәжірибе жинақтаған ел-жұртына танымал кадр. Екіншіден,  Ғ.Рысбеков қайсыбір  қызметтің тізгінін ұстап жүргенде соңынан сөз ілестірмеген азамат. Үшіншіден, табиғи болмысы Әдеп кодексімен үйлестікті көрсететін көркем мінезді жан. Текті әулеттің жалғасы, әрі зияалы ата-ананың тәрбиесімен өскен Ғ.Рысбеков өзінің азаматтық парызына үлкен жауапкершілікпен қарайтындығын ел-жұртына көрсете білді. Сырт көзге салмақты да, жуастау болып көрінгенімен, қызметін атқарудағы  тынымсыздығына қарап, ерен қажыр-қайраты да  орнымен жұмсай білетін азамат та болады екен ғой деп ойлайсың.

Ең бастысы киелі өңірдің төл перзенті туған жеріне адалдықпен, жанқиярлықпен жұмыс істейтініне шүбә келтіре алмайсың. Түркістанды түрлендіруде ел сенімін ақтайтындарға таңдау жасалынып жатқаны көңіл қуантады.

 

Ә.Мұратбек

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.