Ғаламтор шырғалаңына түскен тағдырлар

Саяси тұрғыдан алғанда экстремизм қалыптасқан әлеуметтік құрылымдар мен саяси институттардың тұрақтылығын бұзып, өз мақсаттарына жету үшін оларды әлсіздендіріп түбінде құлатуды мақсат ететін қарсылық әрекеттен шығады.

Жуырда ИЧ-167/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтар арасындағы намаз оқитын сотталғандарды алдағы уақытта дәстүрлі дінге бейімдеу және теріс діни тұжырымдарын түбегейлі жою, оған қарсы тұру, зардап шеккендерге рухани көмек көрсету және діни сенім- нанымы бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіру мақсатында  теолог инспектор, әділет аға лейтенанты И. Амангелді, жедел бөлімінің аға жедел уәкілі М. Қыдырбаевтың ұйымдастыруымен «Ғаламтор шырғалаңына түскен тағдырлар» атты бейнефильм көрсетілді.

Бейнефильмде жанұяда өсіп жатқан жасөспірім жігіттер мен қыздардың ғаламтор шырғалаңына түсуі, ата-анасының тәрбиесінен жат қылықтарға ауып кетуі мен деструктивті діни ағымдарының идеологиясын насихаттап, тағдырдың тәлкегіне түскені баяндалады. Бейнефильм соңында ҚМДБ өкілінің наиб имамы С. Сабиров діни  сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіріп өтті.

М.Қыдырбаев,

ИЧ-167/2 мекемесінің

                    әділет майоры

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.