Жар таңдауда қателескіңіз келмесе…

* Керек кеңес

Сіз біраздан бері бір жігітпен кездесіп жүрсіз. Бірақ, ол сізге лайық жар бола ала ма, жоқ па, оны қалай ажыратуға болады? Мұны білгіңіз келсе, төмендегі сипаттамаларға назар аударып көріңіз. Бәлкім, көмектесер…

 

  1. Жар болуға лайық адам сіздің бойыңыздағы ең ізгі қасиеттерді жарыққа шығара алады. Ал санасыз еркек сізді көкбет, ұрысқақ әйелге айналдырады.
  2. Жар болуға лайық адам қарым-қатынасты бағалайды. Ал санасыз еркек жай көңіл көтергенді жақсы көреді.
  3. Жар болуға лайық адам сіздің жетістігіңізге өзінікіндей қуана алады. Ал санасыз еркек сізді түйрегіштеп, басып-жаншып, төмендетуге тырысады.
  4. Жар болуға лайық адамның көзі сізден басқа ешкімді көрмейді. Ал санасыз еркек үнемі айналадағы қыздарға қарағыштаумен болады.
  5. Жар болуға лайық адамның жанында сіз өзіңізді қауіпсіз сезінесіз. Ал санасыз еркек сізді оның телефонын тексеруге мәжбүрлейді.
  6. Жар болуға лайық адам сіздің бақытыңызды бірінші орынға қояды. Ал санасыз еркекке өз бақыты маңыздырақ.
  7. Жар болуға лайық адам сізбен сөйлескеннен ләззат алады. Ал санасыз еркек сіздің үн шығармай, өз тірлігіңізбен айналысқаныңызды қалайды.
  8. Жар болуға лайық адам алдағы күндерін сізбен бірге алдын-ала жоспарлайды. Ал санасыз еркек қалаған кезінде келіп-кете салады.
  9. Жар болуға лайық адам сіздің өзіне ұнайтыныңызды ашық білдіреді. Ал санасыз еркек сізді күмәндануға мәжбүрлейді.
  10. Жар болуға лайық адам үнемі қоңырау шалып, жағдайыңызды сұрап тұрады. Ал санасыз еркек бірнеше күн немесе апталап жоғалып кетеді.
  11. Жар болуға лайық адам сіз және сіздің өміріңіз жайлы сұрап білуге құмар. Ал санасыз еркекке бәрібір.
  12. Жар болуға лайық адам өзі не айтса, соны орындайды. Ал санасыз еркек тек сөйлегенде ғана жақсы.
  13. Жар болуға лайық адам сізді өз өмірінде бірінші орынға қояды. Ал санасыз еркек сізді «қажет болғаныңызша» шетке ысырып қояды.
  14. Жар болуға лайық адам сізге ұнайтын нәрселерді жасауға тырысады. Ал санасыз еркек бұған бас қатырмайды да.
  15. Жар болуға лайық адам сізді өзінің достарымен және отбасымен таныстыруға асық. Ал санасыз еркек сізді бәрінен жасырып бағады.

Дайындаған К.ДИДАР.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.