Жаңбыр неге көбейiп кеттi?

Елімізде ғана емес, əлемде көбейе түскен табиғат апаттарының себептерін зерделеп көреміз бе?
Қазақстанда 2015 жылдың басынан «Ақтау азотты тыңайтқыштар зауыты» іске қосылды. Ол зауыт азотты ауадан алады. Ауадан азотты алса, ол жерде ауаның қысымы азаяды. Ауаның қысымы азайған жерге жан-жақтан жел соғады. Ауаның қысымы көбейген кезде жел кері қарай соғады. Маңғыстау түбегіндегі Ақтау қаласының жан -жағы теңіз. Ары-бері соққан жел теңіз суын буландырып жан-жаққа бұлт болып көтеріледі. Арғы жағы түсінікті, демек бұлт жаңбыр болып жауады. Содан тасқын су көбейеді.
Каспий теңізінің оңтүстік жағында биік тау сілемдері жоқ. Экватор белдеуінің ыстық ауасын Ақтауға қарай тартады. Келген ыстық ауа да суды буландырып, жаңбыр етіп жан-жаққа таратады. Каспий теңізінің солтүстік жақ бетінде де биік тау сілемдері жоқ. Демек, «Ақтау азотты тыңайтқыштар зауыты» ауа қысымын азайтып, желдің ары-бері соғуынан ыстық ауаны суық жаққа, суық ауаны ыстық жаққа айдайды. Сол себепті бұрын болмаған табиғат апаттары болып жатыр. Мысалы Қазақстанда бұрын-соңды болмаған су тасқындары, 20-35 м/с жылдамдықпен желдің ұйытқулары, күннің күрт сууы мен күрт ысуы тіркелуде. Осындай ауадан азот алып соқтыратын нысандар, космодромдар саны жобамен – 28.
Осылардың бәрі су тасқыны болуының, көлдердің құрғап кетуінің мысалға Арал теңізі, жан- жануарлардың жойылуының немесе азайуының (ақбөкен, т.б.) бірден-бір себептері.
Қазақстанның өзінде 2012-2017 жылдары аралығында су тасқынынан болған шығынның 50 миллиард теңге болғаны БАҚ беттерінде жарияланды. Еліміздің ауа-райын қадағалайтын мекеме­нің және төтенше жағдайлар органдары осы мәселеге мән берсе болады ғой.

Б.Сатыбалды,
 Созақ ауданы,
Сызған ауылы тұрғыны

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.