03.07.17-09.07.17 арналған жұлдыз-жорамал
Тоқты
Әлдебір іске жұмсаған еңбегіңіз ақталмаса, қамықпаңыз, тығырықтан шығар жол табылады. Жұмыста жауапты міндет тапсырылуы мүмкін. Жүйкеңіз сыр беріп, жүрегіңіз шаншу қаупі бар. Дәрі іше бермей, жай ғана тынышталыңыз.
Торпақ
Спортпен айналысуды қоя тұрыңыз, жарақат алу қаупі бар. Тоқ көздерінен де абай болыңыз. Ал отбасындағы түсінбеушіліктің бәрі жойылып, жылы қарым-қатынас орнайды. Болашағыңызға көп алаңдамаңыз, бәрі реттеледі.
Егіздер
Жұмыстағы қиындықтдың бәрі артта қалып, еркін тыныс аласыз. Бірақ, жаңа ойларыңызбен бөлісуге әзірге асықпаңыз. Отбасында балаларыңыз бен ата-анаңыз сіздің көңіл бөлуіңізге мұқтаж. Тек жүйкеңізге көп салмақ салмаңыз.
Шаян
Спортшылар мен бишілерді үлкен табыстар күтіп тұр. Денсаулығын түзегісі келгендерге де сәтін салады. Мүмкіндігінше тек көңіліңіз қалаған іспен ғана айналысыңыз. Бұл аптаны ешкіммен дауласпай, тыныш өткізуге тырысыңыз.
Арыстан
Бұл аптадағы табысыңыз ең алдымен ұжымдағы ахуалға байланысты болмақ. Сондықтан, әріптестеріңіздің көңілін тапқаныңыз жөн. Қай істі бастасаңыз да, ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Апта ортасындағы ұсыныстан бас тартпаңыз.
Бикеш
Аздап денсаулығыңыз мазалауы мүмкін, алайда емі тез табылады. Бастысы, ол туралы көп ойлай бермеңіз. Тез атқаруды қажет ететін маңызды шаруаңыз көбейіп кетуі мүмкін. Арасында міндетті түрде демалып алуға тырысыңыз.
Таразы
Бұл – сіз үшін өте сәтті кезең. Жаныңызда жүрген адамды өзгерту мүмкін емес, сондықтан онымен қоштасқаныңыз жөн. Бар қорқынышты сырып тастап, өзіңіз қалағандай өмірге ұмтылыңыз. Дәрігерге қаралуды ұмытпаңыз.
Сарышаян
Бұл аптада көп адамдармен араласуыңызға тура келеді. Ұжымдық шараларға қатысудан бас тартпаңыз, болашақ серіктесті сонда табасыз. Бұрын бастаған бір ісіңіздің жемісін көресіз. Мүмкіндігінше оңашада демалуға тырысыңыз.
Мерген
Көңіл-күйіңіз жиі құбылып, соның кесірінен жақын адамыңыздан айырылу қаупі бар. Өзіңізді кінәлап, мүжи бермей, ұзақтау уақытқа демалыс алыңыз. Мүмкіндігінше бақшада жұмыс істеген жақсы. Ата-анаңызды ұмытпаңыз.
Тауешкі
Өз мүмкіндігіңізді асыра бағаламаңыз. Табысы мол не мансабыңыз үшін пайдалы көрінгені үшін ғана шамаңыз келмейтін іске арандап қалмаңыз. Әзірге тек достармен көңіл көтеріп, болашаққа жоспар құрғаныңыз дұрыс.
Суқұйғыш
Бұл аптада түрлі сауықтыру шараларымен, дене шынықтырумен не бимен айналысуға болады. Тек абай болыңыз, ауыр спорт түрлерінен жарақат алу қаупі бар. Бірдеңені өзгерткіңіз келсе, үйде жөндеу жұмыстарын бастаңыз.
Балық
Бүйрегіңіз осалдық танытуы мүмкін. Бұл кезеңде көбірек су ішіп, балғын көкөністер мен жемістерден тұратын емдәм ұстаңыз. Және көп қозғалыңыз. Қан қысымын да өлшетіңіз. Апта аяғында сізді жағымды тосынсый күтіп тұр.