07.08.17-13.08.17 арналған жұлдыз-жорамал
Тоқты
Жаңа білім мен тәжірибе жинауға қолайлы апта. Дүйсенбі күні жұмыс іздегендердің жолы болады. Сәрсенбі күні қомақты сыйақы не қаламақы алуыңыз мүмкін. Жұма күні маза бермей жүрген дұшпаныңызды жеңесіз.
Торпақ
Бұл аптада ешкім сайламаса да, көшбасшылық міндетті атқаруыңызға тура келеді. Апта ортасында күтпеген жаңалық естисіз. Жұма күні созылмалы дерттер асқынуы мүмкін. Демалыста үй шаруасымен айналысқаныңыз дұрыс.
Егіздер
Қай істі қолға алсаңыз да, тек сәттілік күтіп тұр. Сәрсенбі күні су мен ауадан келер қауіп бар. Сондықтан, ұшаққа отырмаңыз және өзен-көлге түспеңіз. Бейсенбі, жұмада мықты іскерлік байланыс орнатып, табысыңыз молаяды.
Шаян
Өміріңіздің жарқын кезеңі жалғасуда. Табысыңыз барған сайын ұлғая түседі. Дүйсенбі күнгі ұсыныстан бас тартқаныңыз жөн. Сәрсенбі күні жарақат алу қаупі бар. Демалыста жағымды-жағымсыз көптеген тосынсыйлар күтіп тұр.
Арыстан
Апта басында жұмыстан бас көтере алмайсыз. Бәрі бітпесе бітпей кетсін, тек зорығып қалмаңыз. Апта ортасында бар шаруа реттеле бастайды. Жұма күні қолыңызға қомақты ақша түсуі мүмкін. Демалысты отбасымен бірге өткізіңіз.
Бикеш
Күтпеген қонақтар мен кездейсоқ кездесулерге толы апта. Сейсенбі күні мол мұраға не лотереядан ұтысқа ие болуыңыз ғажап емес. Сәрсенбі күні жақсы жаңалық естисіз. Жұма күні бизнес пен саудада үлкен табысқа жете аласыз.
Таразы
Ақшаға келгенде асықпай, ойланып барып жұмсаңыз. Әсіресе, апта басында маңызды шаруамен айналыспаңыз. Сейсенбіде кездесу күтіп тұр. Бейсенбіде сізге жаңа қызмет ұсынуы мүмкін. Демалыста бар тілегіңіз орындалуы тиіс!
Сарышаян
Бәскелестеріңіз аяқтан шалуға тырысып жүр. Апта басында жоспарыңызды ешкімге айтпаңыз. Сәрсенбі күні көптен хат-хабарыңыз келеді. Демалысқа қарай үйіңізден қонақ үзілмейді. Романтикалық кездесуге де дайын болыңыз.
Мерген
Біреу сіздің шешіміңізге тәуелді. Осыны пайдаланып, қалағаныңызға қол жеткізіңіз. Сәрсенбі күні күрделі бір істі бастауыңызға болады. Бейсенбі күні алыс сапарға шығасыз, немесе жұмыс орныңызды ауыстыруыңыз мүмкін.
Тауешкі
Жеке өміріңізге қатысты маңызды шешімнің бәрін кейінге қалдырыңыз. Жұмысыңызды ауыстыруға да әзірге асықпаңыз. Бейсенбіде көңілді басқосу күтіп тұр. Демалыс күндері құмар ойынның кесірінен біраз ақша жоғалтасыз.
Суқұйғыш
Керек адамдардың алдында өзіңізді көрсетіп қалуға тырысыңыз, нәтижесін көп өтепй көресіз. Бейсенбі күні жаңа іс бастамаңыз. Сенбі күні кез-келген жаңа бастамаңыз табысты болмақ. Сенбі күні құрылыс бастауыңызға болады.
Балық
Апта басында маңызды бір іске қатыспай-ақ қойғаныңыз дұрыс. Әзірге бар шаруаңыз кері кетіп тұр. Бірақ бейсенбіде бәрі ақырындап реттеле бастайды. Сенбі күні ескі қарызыңызды төлеуге не уәдеңізді орындауға тура келеді.