1 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП ТҮРКІСТАНҒА ӘУЕ РЕЙСТЕРІ ҰШУДЫ БАСТАЙДЫ

1 желтоқсанынан бастап Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан Түркістан қаласына әуе рейстері ұшуды бастайды. Алғашқы рейс Нұр-Сұлтан – Түркістан – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша орындалады. Азаматтық авиация комитеті Түркістан қаласының әуежайына тұрақты рейстер ашу бойынша жұмыс жүргізуде.

Бастапқы кезеңде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Түркістанға күн сайын рейстер орындау жоспарланып отыр. Рейстерді 3 қазақстандық «Fly Arystan», «SCAT» және «Qazaq Air» әуе компаниялары орындайды. «Fly Arystan» әуе компаниясы бұл бағыттар бойынша әуе билеттерді сатуды бастады. Fly Arystan» рейстеріне әуе билеттердің бағасы Нұр-Сұлтан және Түркістан қалалары арасында 6999 теңгеден және Алматы мен Түркістан қалалары арасында 5999 теңгеден басталады.

Түркістан қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан халықаралық әуежай заманауи технологияларды қолдана отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес салынған. Әуежайдың жалпы ауданы – 905 гектар болса, ұшу-қону жолағы – 3 300х45 метр. Жолаушылар терминалының ауданы – 10,5 мың шаршы метр.

Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы жаңа әуежай құрылысының жобасы қазіргі Түркістанның ауқымды құрылысының ірі және маңызды нысандарының біріне айналды. Шетелдік инвесторлар құрылысты рекордтық мерзімде аяқтады.

Алдағы уақытта Қазақстанның басқа да облыс орталығымен байланыс орнатылады. Сондай-ақ, Мекке мен Стамбулға рейстер ашу жоспарланған. Әуежай шетелдік авиакомпаниялардың ұшуы үшін «ашық аспан» режиміне қосылады. Бұл әуежайдан ұшу географиясын кеңейтіп, шетелдік туристер ағынын тартуға ықпал етеді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.