21.08.17-27.08.17 арналған жұлдыз-жорамал
Тоқты
Апта басында қаржылық жағдайыңыз жақсарады. Тек бір кездері берген уәделеріңізді орындауға тура келеді. Бейсенбі күнгі таныстық ыстық сезімге ұласа қоймайды. Сенбі күні балаларды назардан тыс қалдырмағаныңыз жөн.
Торпақ
Кез-келген ақпаратты тексеріп алмай, пайдаланбаңыз. Өте тиімді көрінген ұсыныстан бас тартқаныңыз жөн. Құжаттар мен заттарға мұқият болыңыз, жоғалтсаңыз қайта таба алмайсыз. Жексенбі күні жолға шығуыңыз мүмкін.
Егіздер
Өсек-аяң апта бойы қыр соңыңыздан қалмайды. Алаңдамаңыз, бұл уақытша нәрсе. Сейсенбі күні еңбегіңіздің жемісін татасыз. Бейсенбіде алыстан келген бір адаммен танысасыз. Билікке қатысты бар мәселе жұма күні оң шешіледі.
Шаян
Апта басында түсініксіз бір жағдайға тап болуыңыз мүмкін. Бейсенбі күні асығыс қабылдаған шешіміңіз үлкен шығын әкелуі ықтимал. Жұма күні бар қиындық із-түзсіз жоғалады. Жексенбіде күтпеген оқиғаға дайын болыңыз.
Арыстан
Өзгелерге көмектесемін деп, басыңызға шығарып алмаңыз. Шамадан тыс көп жұмыс істемеуге тырысыңыз, онсыз да сізге қомақты ақша түскелі тұр. Жұма күні мүлде ойламаған жерден махаббатыңызды жолықтыруыңыз ғажап емес.
Бикеш
Сіз үшін отбасынан қымбат ешкім жоқ, осыны ұмытпаңыз. Жұмыста үлкен мүмкіндіктер күтіп тұр. Бейсенбіде өзен-көлге түспеңіз. Сәрсенбі күні қазына тауып алсаңыз, таңқалмаңыз. Бейсенбіде денсаулығыңызға мұқият болыңыз.
Таразы
Сіздің батылсыздығыңыз табысыңызды кешеуілдетуде. Түймедейді түйедей ете бермеңіз, бәрі өз-өзінен реттеледі. Сәрсенбі күнгі іссапарды кейінге қалдырыңыз. Демалыста қиялыңыздағы адаммен танысуыңыз бек мүмкін.
Сарышаян
Апта басында от пен тоқтан келер қауіп бар. Дүйсенбі күні ықпалды адамдармен кездесесіз. Сейсенбі күні табысыңыз артады. Сәрсенбі күні бар шаруа оңынан шешіледі. Бейсенбіде ақшаға қатысты істермен айналыспаңыз.
Мерген
Қызметте өсуді армандап жүрсеңіз, айыңыз оңынан туғалы тұр. Тек азырақ тер төгуіңізге тура келеді. Сейсенбі күні әмияныңызға абай болыңыз. Жұма күні бір тілегіңіз орындалуы тиіс. Сенбіде үйіңізге қажетті зат сатып аласыз.
Тауешкі
Ойын-сауыққа уақыт жоғалта бермей, қоғамдық іспен айналысыңыз. Апта ортасында күтпеген оқиғаға дайын болыңыз. Жұмыс іздеп жүрсеңіз, жақын достарыңыздың бірі көмектесуі мүмкін. Бейтаныс адамдармен араласпаңыз.
Суқұйғыш
Қолыңыздан келмесе, уәде бермеңіз, әйтпесе алаяқ деген ат жамылуыңыз ғажап емес. Отбасында түсінбестік туындауы мүмкін. Сәрсенбі күні жақын туыстарыңызға көмегіңіз керек болады. Сенбіде керемет тосынсый күтіңіз.
Балық
Іскерлік салада күтпеген жақсы жаңалықтар орын алмақ. Сәрсенбі күні өзіңіз бен отбасыңыз үшін маңызды шешім қабылдайсыз. Бейсенбі күні қаржылық жағдайыңыз жақсарады. Демалыста қымбат техника сатып алуыңыз мүмкін.