24.07.17-30.07.17 арналған жұлдыз-жорамал
Тоқты
Күтпеген оқиғалар біраз шығындатуы мүмкін. Сондықтан, күмән тудыратын нәрселерге жоламаңыз. Сейсенбі күні жолдан өткенде абайлаңыз. Жұма күні ешкімнің масыл болуына жол бермеңіз. Жексенбіде жақсы жаңалық күтіңіз.
Торпақ
Дүйсенбі күні ойлағаныңыз орындалмай, тауыңыз шағылуы мүмкін. Бірақ, қамықпаңыз, жұма күні күтпеген жерден достарыңыз не туыстардан көмек келеді. Демалыста айыңыз оңынан тумақ. Ескі достық махаббатқа ұласады.
Егіздер
Бұл аптада мүмкіндігінше жолға шықпағаныңыз дұрыс. Дүйсенбіде әртүрлі салада табыс күтіп тұр. Сәрсенбіде ескі әріптесіңізді жолықтырасыз, бұл жаңа іс бастауға түрткі болуы мүмкін. Демалыста бар тілегіңіз орындалады.
Шаян
Сізге қазір кедергі сияқты көрінген нәрсе шын мәнінде сіз үшін қайырлы болуы мүмкін. Аптаның екінші жартысында алыс сапарлар ісіңізді түзеуге көмектеседі. Жұма күні өміріңізді өзгертетін жақсы жаңалық болары анық.
Арыстан
Кіммен болса да ашық сөйлесу арқылы бар қиындықты оңай шеше аласыз. Апта ортасында отбасының қажетіне біраз шығындаласыз. Жұма күні ісіңіз реттеле бастайды. Демалыс күндері қиялыңыздағы адамды жолықтырасыз.
Бикеш
Апта басы әлдебір дау-дамаймен басталуы мүмкін. Маңызды істердің бәрін кейінге қалдырғаныңыз жөн. Судан келер қауіп бар. Жұмаға жоспарлаған істеріңіз өте сәтті шешіледі. Демалыс күндері өмір салтыңызды өзгертіңіз.
Таразы
Кәсіби салада үлкен даму мүмкіндіктері пайда болады. Тек сейсенбіде жаңа іс бастамаңыз. Сәрсенбі күні жарақат алу қаупі бар. Бейсенбі күні барлық істе сәттілік күтіп тұр. Сенбі, жексенбі күндері жағымды әсерлерге толы болмақ.
Сарышаян
Іскерлік қабілетіңіздің арқасында қалағаныңызға қол жеткізе аласыз. Не алсаңыз да, арзанына қызықпаңыз, әйтпесе опық жейсіз. Апта басында біраз ақша түседі. Сәрсенбіде барлық мәселе сіздің пайдаңызға шешілетін болады.
Мерген
Жалған ақпарат жарға жығуы мүмкін. Сондықтан, өзіңіз көз жеткізбей, ешкімге сенбеңіз. Сейсенбі күні жылжымайтын мүлік сатып алуға болады. Сәрсенбіде маңызды шешім қабылдамаңыз. Әлдебір сот ісі сәтті аяқталады.
Тауешкі
Ескі бәсекелестеріңізбен бірге жұмыс істеп, мол табысқа қол жеткізесіз. Сырқаттанып жүрсеңіз – айығасыз, жабырқап жүрсеңіз – бақыт қонады. Жұма күні нәпсіге ермеңіз. Демалыс күндері отбасылық мереке күтіп тұр.
Суқұйғыш
Жұмысыңыз бастан асады, бірақ бәрін бірден істеу міндетті емес. Ешкімге құлақ аспай, өз қалауыңызша әрекет етіңіз. Жақында қызметіңіз өсуі мүмкін. Сенбіде отбасымен демалыңыз. Жоғалған затыңыз жексенбі күні табылады.
Балық
Апта басында отбасылық жағдайға байланысты бірақ қаражат жұмсау керек болады. Бейсенбі – барлық тілектеріңіз орындалатын күн. Жұма күні тоқ көзінен абай болыңыз. Демалыста денсаулығыңызға мұқият болғаныңыз жөн.