МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫПТАРҒА ЖАУАП БЕРДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мазмұнды сұхбатын тыңдап, қоғамда орын алған келелі мәселелерге толыққанды жауап алдық дер едім. Ең бастысы, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен тыныштығы, елдігімізді сақтау — әрбірімізге жүктелген міндет екенін алға тартты.

Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасына байланысты бүгінгі таңда әлеуметтік желіде таралып жатқан түрлі ақпараттарға байланысты сұрақтарға жауап берді. Әрбір іс бойынша әділ шешім шығару — басты принцип екенін айтып, құқық қорғау органдарына нақты тапсырмалар беріліп, барлығы арнайы комиссияның бақылауында екенін ескертті.

Шетелдік сарапшылардың пікірлеріне байланысты өз көзқарасын білдіріп, Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық байланыстың маңыздылығына тоқталды.
Қоғамдық құндылықтар жүйесіне, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларға түбегейлі өзгеріс енгізу қажет екеніне назар аударды. Осы тұста кадр мәселесі өте нәзік, күрделі әрі маңызды тақырып екенін алға тартып, қажеттілікке қарай өзгерістер орын алатындығын жеткізді.

Әділетті мемлекет құру жолында қазақ журналистикасының рөлі төңірегінде сөз қозғап, осы саладағы артықшылықтар мен кемшіліктерді атап өтті. Сондай-ақ тіл мәселесіне өте байыппен қарау қажеттілігін ескере отырып, тіл реформасын жасауды қолға алуды айтты.

Азаматтарға, әсіресе жастарға еңбекқорлық идеясын орнықтырып, адал еңбектенуді санаға сіңіру жолында нақты қадамдарға көшуді тапсырды. Осы орайда партия Мемлекет басшысының әрбір бастамасын қолдап, Жаңа Қазақстанды құру бағытында ауқымды істер атқаруға дайын екенін айтқым келеді.

БЕКТАЕВА ЖАНАР ӘЛІБЕКҚЫЗЫ
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.