30.10.-05.11.17 арналған жұлдыз-жорамал
Тоқты
Бәрін бірден алам деп дәмеленбей-ақ қойыңыз. Ерінбей әрекет етіңіз, сонда ғана қалағаныңызға қол жеткізесіз. Жалғыздықтан шаршап, ескі қарым-қатынасты қайтаруға тырысуыңыз мүмкін. Құлағыңызды суықтату қаупі бар.
Торпақ
Ақшадан тарыға қоймайсыз, қалағаныңыздың бәрін жасауға мүмкіндігіңіз бар. Отбасындағы түсініспеушіліктің бәрі жоғалады. Ал әлі жалғыз болсаңыз, тізгінді өз қолыңызға аласыз. Жүрек пен көзді сақтаңыз, дәрумендер ішіңіз.
Егіздер
Қызметте өсу мүмкіндігі бар. Немесе қосымша табыс көзін табасыз. Бірақ, негізгі жұмысыңыздан босамаңыз. Әзірге жаңа таныстықтан үлкен сезім күтпей-ақ қойыңыз. Созылмалы дертіңіз қайта мазаласа, дәрігерге жүгініңіз.
Шаян
Әлдебір ірі жобаңызды тоқтата тұруыңызға тура келеді. Дегенмен, қаржы жағынан тапшылық болмайды. Жан-жағыңызға мұқият қараңыз, өмірлік серігіңіз жақын жерде жүр. Тамағыңыз бен құлағыңызды жылы ұстаңыз.
Арыстан
Қазір көп ақша үшін де жұмыс істеуге аса құлықты емессіз, сондықтан бар міндетіңізді өзге біреуге жүктей тұрыңыз. Сізді шын сүйетін адам бар, оны бағалаңыз. Дер кезінде емдемесе, қарапайым жөтел асқынып кетуі мүмкін.
Бикеш
Әлдебір кедергілер ойыңызды іске асыруға мүмкіндік бермейді. Әзірге қатты тырыспай, әліптің артын баға тұрыңыз. Сүйіктіңіз сіз үшін өзгеруге тырысып жүр, оған көмектесіңіз. Жүйкеңізді сақтап, дене жаттығуымен айналысыңыз.
Таразы
Жұмыстағы ахуал аса қолайлы болмағанымен, бұрынырақта жасаған тиімді келісімнің арқасында жақсы табыс табасыз. Әлдебір іс-шара кезіндегі жаңа таныстық керемет сезім сыйлайды. Емдік шөпшайлар дерттің алдын алады.
Сарышаян
Көп жұмыс істеуге тура келеді, есесіне жақсы сыйақы күтіп тұр. Тек әзірге көп ақша жаратпаңыз. Сіздің қиялыңыздағы адамға ешкім тең келмейді, сол себепті жалғыздықтан құтыла қоймайсыз. Ұзатпай тіс дәрігеріне көрініңіз.
Мерген
Әлдебір ғажайыптың күшімен қиял-арманыңыз орындалады екен деп күтпей-ақ қойыңыз. Алдыңызға тек орындай алатын мақсат қойғаныңыз жөн. Өткен сезімді қайтаруға тырыспаңыз. Қантамыр мен асқазан дерті мазалауы мүмкін.
Тауешкі
Өзіңізге қосымша жауапкершілік алмаңыз, қазір оған шамаңыз жетпейді. Ал қаржылық салымдар табысты болмақ. Сүйіктіңізге уақыт бөліңіз, ол сізбен кездесуді асыға күтіп жүр. Дәрігермен кеңеспей, ешқандай дәрілерді ішпеңіз.
Суқұйғыш
Болашақта үлкен табыс әкелетін аса тиімді келісім жасайсыз. Бұл қаржылық еркіндік сыйлайды. Бақыт құсын мықтап ұстаңыз, сүйіктіңізге сыйлық жасап тұруды да ұмытпаңыз. Итмұрын шайын жиі ішіп, тазр ауада көп жүріңіз.
Балық
Әзірге ешқандай маңызды шешім қабылдамаңыз және өз ісіңізге ешкімді араластырмаңыз. Ақылды болсаңыз, ақшадан айырылмайсыз. Отбасында барынша сабыр сақтаңыз. Созылмалы қабыну дерттері асқынуы мүмкін.