51,7 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕНІҢ 80 ПАЙЫЗЫ ИГЕРІЛМЕЙ ҚАЛДЫ
Сергей ЗВОЛЬСКИЙ,
Мәжіліс депутаты:
2016 жылы «ҚазАгро» басқарушы холдингіне 51,7 миллиард теңге бөлінсе, сол қаржының 41,2 миллиард теңгесі, бөлінген қаржының 80 пайызы игерілмей қалды. Осылай жұмыс істеуге бола ма?
«ҚазАгро» қаржыны игере алмаса да, Үкімет мемлекеттік бюджеттен оның жарғылық капиталын толтырып отыр. Өткен жылы Қазақстан-Венгр инвестициялық қорын қаржыландыру үшін холдингтің жарғылық қоры тағы 882,5 миллион теңгеге толтырылды. Дәл осы мақсатта биыл бұл сома екі есеге көбейіп, 1,5 миллиард теңге бөлінді. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Өйткені, «ҚазАгроның» мамандары бұл инвестициялық қорға бірде-бір мардымды жоба ұсына алмаған. Яғни, бұл қаржы жұмсалған жоқ, күні бүгінге дейін игерілмей, банк шотында тым-тырыс жатыр. Қалайша бұлай болды?
«ЖА»