96 жастағы француз өмірінің соңғы демінде Димашты бір көруді армандап отыр

Францияда 96 жастағы кейуананың соңғы арманы Димашты көру болып отырғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарауда деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

96 жастағы француз өмірінің соңғы демінде Димашты бір көруді армандап отыр

Димаш Құдайбергеннің фанаттары ашқан dimash_updates Instagram парақшасында Франциядан сәлемдеме жолдаған Эдгар есімді азаматтың хаты жарияланды.

«Димаш, сізге анамның оқиғасын айтып бергім келеді. Менің қарт анам Мамахи (96 жаста) сізді қатты жақсы көреді. Рас айтамын. Ол маған соңғы тілегін айтты. Жұмаққа аттанбас бұрын сіздің ән айтқаныңызды өз көзімен көргісі келеді… Ол күн ұзаққа сіз туралы жаңалықтарды айтып отыруымды сұрайды. Сіздің соңғы шығарған жаңа әндеріңізді, жаңа шыққан видеоларыңызды және тағысын тағыларды. Мен оған бұл ғажайып шындыққа айналады деп уәде бердім. Мен тек Жаратушы маған бұл уәдемді орындауға сәл көмектесіп жібереді деген үміттемін. Құрметпен, Эдгар (Франциядағы Француз Ривьерасы, Ницца)», — делінген хатта.

Бұл хаттағы ақпараттың қаншалықты шынайы екені белгісіз. Дегенмен, желі қолданушылары хаттағы кейіпкерлер шынайы болса, қарт әженің соңғы арманы орындалса екен деген ниет білдіруде.

«Тəңірім қарт ананың арманын орындап, Димаш сол адамдар тұратын аймаққа келген! Енді анасы Димашты көріп, дауысын еститін болады. Осы жасқа келген ана мені таң қалдырды! Өзінің өмір сүйгіштігімен, өнерге, сұлулыққа тəнтілігімен. Армандар орындалмайды деп кім айтты? «, — деп жазған желі қолданушыларының бірі.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.