Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Орнықты ой, орынды сөз

Т.ЖАМАНҚҰЛОВ: Қараспан төне бермес, қара бұлт та ыдырар

Бой түзейтін дейтін «бойшаңдар» мен ой түзейтін ойшылдар бұққан заман. Бұққан сайын бүкір боласың, өрге баспаған ойыңды тот басады екен. Аң терісін жамылған басшылардың «шешендігін» де керең болғыр құлағымыз естіп, соқыр болғыр көзіміз көрді-ау! Бірнеше жыл өнердің төбесінде әңгір таяқ ойнаттық! Көндік. Әй дейтін әже, қой дейтін қожа болмады. «Мұның не?» дегеннің бірі мен едім, білесіңдер. Өзін ғана ойлаған арзандар мен алыпсоқтар жайлаған, ақсақалсыз қалған өнерде қайдан құрмет болсын! Жастардың жаны жадау, үміт жіңішкерген кезден өттік. Үзілмесе игі сол Үміт! Қараспан төне бермес, қара бұлт та ыдырар.
«Келгенде Жи­ен­­құлға шықпайды үнім»… Ермек Тұр­­­­­­сынов інімнің бір айтқаны әлі күн­ге зәремді алады. Бы­лай деп еді: «Он миллион қазақтың жалғыз ақсақалы бар еді, ұлты неміс, одан да айырылдық. Герағамыз, Герольд Бельгер қайтыс болды» деген. Денемді мұз қарыған. Тік тұратын төбе шашым да қалмады.

jasqazaq.kz

Ұқсас жаңалықтар

Д.ИСАБЕКОВ: Ал шетке шығып қарасаң, ондай емес секiлдi

admin

Нұржан ӘЛТАЕВ, Мәжіліс депутаты: … мерзімінен бұрын бостандыққа шығаруды доғару керек

admin

Ф.АҚБЕРДИЕВ, Мәжіліс депутаты: Бiреу осы жағдайға назар салып жатыр ма?

admin