Аманжан Жамалов: Мәжіліс депутаты: Қазақстандағы жағдай мүлдем басқаша
Осыған дейін 2013 жылы «2020 жылға дейін Қазақстанның инновациялық дамуы» атты концепция қабылданды. Осы орайда Үдемелі индустриялды инновациялық даму бағдарламасының екінші бес жылдығынан үлкен нәтиже күтілді. Өкінішке қарай, бұл үміт ақталмады. Жоғарыда аталған инновациялық құрылым мемлекеттік бюджеттің қомақты қаржысына құрылғаны белгілі. Бірақ шығындар өзін ақтаған жоқ. 2020 жылға дейінгі Инновациялық дамудың концепциясында көрсетілгендей, «Инновациялық технологиялар паркіне 250-300 млн АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция тарту міндеті қойылған. Бұл – міндеттің орындалуына кім жауап береді? Тек аталған парктің инфрақұрылымына бюджеттен 20 млрд теңге және 22 млрд теңге көлеміндегі жеке инвестиция тартылды.
2017 жылы аталған беларуссиялық технопарк, шетелге 1 млрд АҚШ доллардың өнімін экспорттаған. Аталған технопарктің құрамына 192 компания кіреді. Сондай-ақ, технопаркке 100 млн доллардан астам қаржыға тікелей инвестиция тартылған. Ал Қазақстандағы жағдай мүлдем басқаша.
Baq.kz
Фото интернеттен алынды.