А.Ахметжанұлы: Қандай адам пара береді?

Пара беруші барда, пара алушы қашан да табылады. Параның көлемінің соншалық жо­ға­ры болуы – пара берушінің тым көп еке­нінің кесірі. Себебі, олар кезекте тұр. Пара берушілердің қа­расы көбейген сайын, параның құны жоғарылайды. Пара беруді ойламайтын, өзін-өзі асырау қабілеті жоғары қауым қалыптасқанда ғана жемқорлық жойылады.
Қандай адам пара береді? Өзіне сенімсіз, біліксіз маман пара береді. Білікті, қабілетті қауым құлдықты сатып алмайды ешқашан!
Кәсіпкерлермен, бизнесмендермен сөйлесе кетсең, бәрінің айтатыны “білікті кадр табу өте қиын, маман тапшы” деп жылайды. Қоғам жұмыс таппай жылайды. Бірақ, құлдықта өмір сүруге қоғам бейіл.
Ал, миллион пара беріп жұмысқа тұрған соң “жүйе – жемқор, ешкімнің моральдық құқы жоқ” деп сынауға дәл сол адамның құқы жоқ.
Бес жүз теңге жеген адам, мүмкіндік туса, бес жүз миллионды да ойланбай жейді. Өзі пара беріп жұмысқа кірген адамның пара алмауы тіптен мүмкін емес.
Сондықтан, адам өзгермей, қоғам өзгермейді, қоғам өзгермей, билік өзгермейді.

Alashainasy.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.