А.Әшімов: …Қазақ бар қасиетiнен айырылып қалатындай

Қазақта той-то­малақ көп қой, бар­ғ­ан жеріңде біл­геніңді, көргеніңді ай­тып жүрсең, ха­лық саған қарап бой түзейді. Құр­меттей­ді. Барлығы өзіңе байланысты. Мен кейде жігіттерге айтамын: «Ақшаны қумаңдар, ақша сендерді қусын. Дұрыс тірлік жасап жүрсең, өзі келеді». Ол шын мәнінде солай. Мен оны өзімнің тәжірибемнен білем. Ақшаны қуып, бәлен жерден осындай қар­жы алам десең, оның да берекесі болмайды. Жұ­мысыңның да берекесі болмайды. Одан да бере­келі жұмыс жаса. Бәрін «жағдайымызды түзесек» деп жағымпазданып жүргендер бүлдіреді. Қайраткерлеріміз бастық алдында не айтып, не қойғандарын білмей қалады. Егер біз олай істесек ханнан да, қарадан да, киелі өнерден де қадір кетеді ғой.
Егер әйел адам жалаңаштана бастаса, ұлттың жаны жалаңаштана бастайды екен. Тіпті, сонау ашаршылық кездерінде де, соғыс тұсындағы аласапыран, алмағайып күндерде де аналарымыз жаулығын тастаған емес. Ал қазір ше? Айдың, күннің аманында аналар түгел жалаңбас қалды. Бастағы орамалдың мәнісі де жат жұрттық болып, ана атану еді. Қазір қызы да бір, анасы да бір.
Баяғыда үлкендер шашта қасиет бар, ол жуып, күтілмесе, ұзатылғасын көзден жаулық арқылы көлегейленбесе, қасиет қайтады деп айтатын. Кейде оңашада осыны ойлағанда қорқамын, қазақ бар қасиетінен айырылып қалатындай.

turkystan.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.