А.ПЕРУАШЕВ, Мәжіліс депутаты: Бұл проблема шешімін тапқан жоқ

Бүгінде республика бойынша әкімдіктерде баспана кезегінде тұрғандар саны 1,5 миллион адамға жетті. Бір миллионы жеке үй салу үшін жер учаскесін алу кезегінде тұр. Ал қазір елімізде жүзеге асып жатқан бағдарлама бойынша жылына 100 мың пәтер салу жоспарланған. Яғни, баспана кезегінде тұрғандардың жалпы саны 2,5 миллион адам. Әр жыл сайын ауылдардан қалаларға 200-300 мың адам қоныс аударады, бірақ кезекке ілікпейді. Ауылдан қалаға көшкен азаматтардың барар жері жоқ. Содан кейін жігіттер арба сүйреп, ал қыздарымыз жеңіл жүріске салынады. Олар біздің балаларымыз. Жылына 100 мың пәтер­ден салынса, 1,5 миллион адамның кезегі тек 15 жыл­дан кейін аяқталады. Ал бұл аралықта қалаларға 3 миллион адам көшіп келеді. Осы үш миллион адам қай жерде отбасын құрып, бала туады? Міне, бұл проблема әлі де өзекті және шешімін тапқан жоқ.

sputniknews.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.