А.САДЫРБАЙ, тележүргізуші: Бұл ұлттың болашағына балта шабумен тең
Мен де продюсермін. Журналистердің арасында сыйластық болады. Алайда шыдамның да шегі бар. “Өз ойым” бағдарламасы көрермен назарын өзіне аудару үшін өткір тақырыптарды көтеріп жүр. Бір күні қоятын шығар деп ойладым. Бірақ көрерменге азғындықты насихаттамайсың ғой. Осы менің ашуыма қатты тиді.
Бағдарламада қазақтың қызы пәктікті саудалау, қайта жасатуды, әрі оның қанша тұратынын айтады. Мұнда дайын нұсқаулық тұр. Яғни ақшадан қысылып жүрсеңдер, осылай жасаңдар деген сияқты. Бұл маған бір қазақ қыздарына жасалған үндеу сияқты көрінді. Ашық насихат. Ашығын айтайын, өте ұят дүние. Өйткені, бұл ұлттың болашағына балта шабумен тең.
sputniknews.kz