А.САРЫМ: Ақпарат алу, тарату жүйесi мүлдем әлсiз

Көпбалалы отбасылардың әрқайсысын паспорттап, ортақ база жасау ауадай қажет. Баланың өсуі оның мемлекеттік, қоғамдық көмек пен ізгіліктер сатысымен қамтамасыз етілуі тиіс.

Ақпарат алу, тарату жүйесі мүлдем әлсіз. Ақпарат тек аяғымен жүріп, дікілдеп есік қаққандарда ғана болмауы шарт. Керісінше, ақпарат аналардың соңынан ілесіп жүруі міндет. Балабақша, мектеп, әлеумет, аурухана жүйелері тек өз міндетін атқарушы ғана емес, ортақ жүйенің, ортақ жұмыстың бөлшегі болса дұрыс. Барлық жүйе мен меморган бір мақсатқа, бір бағытқа қызмет етсе құба-құп.

Әрбір аналарға бір ортақ электронды сервис керек сияқты. Әлеуметтік мәселемен айналы­сатын органдар мен қызметтерге ақ­жүрек, мейірімді, өмір көрген, шапағаты мол адамдар келгені дұрыс.

«Ф»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.