А.САТЫБАЛДЫ, актер: Шыдамайды
Қазақстан ажырасудан әлемде 17-орын алады екен. Содан ойландым, неге деп. Сөйтсек, бізде қазіргі таңда сенім жоқ екен. Бізде бәрі қазір болуы керек. Ал ертең деген жоқ. Қазір үйленсек, қазір үй болуы керек. Қазір көлік мінуің тиіс дегендей.
Біздің театрдың актері Бекжан Тұрыс 16 жыл жатақханада тұрған. Қазір ешкім 16 жыл күтпейді, ажырасып кетеді. Шыдамайды.
Исламда Пайғамбарымыздың насихатының 90 проценті амалы болған, 10-ақ проценті сөз болған дейді. Балаға қалай тәрбие береміз, егер балаңыз сізді көрмесе. Сондықтан мен өмір сүру арқылы балама жол көрсетемін.
sputniknews.kz