А.ЖҰМАДІЛДАЕВ, академик: Ең парақор екi мамандық бар

Адамға ең жақын, ең керек екі мамандық – мұғалім мен дәрігер. Менің білуімше, Абай да мұны дүниедегі ең асыл еңбек деп бағалаған. Ал сонда осындай қасиетті кәсіпті меңгерген адамдардың жалақысы байқасаңыз орта жалақыға да жетпейді екен. Бұл не сонда. Тағы бір мысал айтайын. Зерттеулер бойынша, Қазақстанда ең парақор екі мамандық бар екен. Ең парақорлары осы мұғалім мен дәрігерлер екен. Енді бұған кім кінәлі. Мүғалім мен дәрігер ме? Жоқ. Менің ойымша, мұндай жағдай біздегі саясаттың кемшілігінен қалыптасты. Сөз бен істің арасында берік байланыс жоқ. Яғни, сөз жүзінде дәрігер мен мұғалімге жағдай жасаймыз, барлығы тамаша болады дейді, іш жүзінде оған келтірмейді.

qamshy.kz

 

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.