Абайлаңыз, ата-ана!

Соңғы кезде қоғамда діни экстремизм мәселесі жиі талқыланып отыр.  Өйткені кереғар ағымдар идеяларын насихаттайтын діни ұйымдардың қазақ қоғамына да елеулі қауіп төндіретіні анық. Олар өз мүдделерін жүзеге асыруда астыртын әрекеттерге барып, қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзуға тырысу үстінде. Әсіресе, бұл ағымдар бірден ата-бабаларымыздың сан ғасырлардан бері ұстанып келе жатқан салт-дәстүріне шүйлігіп, оны жоққа шығаруға жан салып, байыпсыз пікірлер таратуды үрдіске айналдырды. Осы пікірлерге ілесіп, рухани құндылықтарымызға  қырын қарайтындардың да пайда бола бастағаны бәрінен де қатерлі.Себебі мұндай шетін көзқарас мемлекетіміздің ынтымағына, татулығына сына қағып, халқымыздың ұстанып келе жатқан «ханафи» мәзһәбы мен «матуруди» сеніміне, дәстүрлі дінімізге қарсылық білдіріп, өз идеяларын өміршең етуді мақсат тұтқан сауатсыз дінбұзарлардың әрекеті. Бұған мүлде жол беруге болмайды.

Былайша айтқанда, радикалды идеологияны таратушылар азаматтарымыздың миларын улайды, қоғам ортасына іріткі салады.

Жалпы экстремизм қоғамға, мемлекетке және жалпы әлемге қауіп төндіретін құбылыс. Ал, соның ішіндегі діни экстремизм дегеніміз-дәстүрлі дінді бұрмалап, жат «идеяны» белсенді насихаттау, зайырлы жүйеге қарсы әрекет ету болып табылады.

Діни экстремизм мен терроризмнің ислам дініне немесе басқа да бір дінге ешқандай қатысының жоқтығы облысымызда өтіп жатқан түрлі кездесулерде айтылып-ақ жатыр.

Шындығында да ислам дінінде терроризм, экстремизм немесе қысым көрсету, зорлық жасау адам өміріне қарсы, қоғамға қауіп төндіретін әрекеттер мен түсініктер кездеспейді. Ол тек адамдарды жақсылыққа, ізгілікке шақырады. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты кітабында: «Әлемдегі лаңкестіктің түпкі себебі дамудың теңсіздігінде жатыр» деп атап көрсетуі де жайдан-жай емес.

Елбасының мәлімдеуінше, біз экстремистер, радикалистер, террористер белсенділігін басу үшін ауыз­біршілігімізді нығайтуымыз керек. Жат ағымдармен күресте ең маңыздысы діни сауаттылық екендігі де күмәнсіз. Ал діни сауаттылық, ұлттық тарих, дәстүрмен қатар, әлемдік деңгейдегі үрдістерден хабардар болуды талап етеді. Өз Отанын сүю мен дәстүрін ұстану, тарихын қастерлеу діни сауаттылықтың бір қыры. Өйткені, ел тарихына үңілген жан қазақ халқында өзге елді жаулау, өзге ұлт пен дінді кемсіту секілді көріністердің болмағандығын бірден байқайды.  Осындай жастарымызға берері мол тағылымды шаралардың бірнешеуі таяуда өңіріміздегі ежелден-ақ мұсылмандықтың негізі, имандылықтың ордасы болған сансыз бапты Сайрам ауданында да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мысалы, Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылдық округі №37 жалпы орта мектептің директоры, мұғалімдері және ата-аналарымен Сайрам аудандыдық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Абайлаңыз, ата-ана!» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуді Түркістан облысы Дін істері басқармасының Сайрам ауданындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Ж.Битанов жүргізді. Дінтанушы маман Ж.Битанов сондай-ақ Сайрам ауданындық қорғаныс істері жөніндегі қызметкерлеріне «Жалын жастар ұйымы» ҚБ-ның ұйымдастыруымен өткен «Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу» тақырыбындағы кездесуге де қатысты.

Дінтанушы бүгінгі дін атын жамылып, қоғамға қарсы әрекеттерге барып  жүрген түрлі кереғар ағымдардың тигізіп жатқан зардаптарына шолу жасай отырып, жастарымыздың уаххабилік-сәләфилік ағымдар жетегіне еруі жақсылықтың нышаны еместігін айтты. Сондай-ақ ол рухани білімнің, рухани тәрбиенің түп қазығы саналатын дінімізді сақтаудың, имандылықтың өркен жаюының аса маңызды екендігін де ескертті.

Ал Сайрам ауданы, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік бөлімдерінің қызметкерлеріне «Жалын жастар ұйымы» ҚБ-ның ұйымдастыруымен «Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу» тақырыбында кездесу өтіп, кездесуге Түркістан облысы Дін істері басқармасының Сайрам ауданындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ- нің теолог маманы И.Батыр қатысты.Жиын соңында мекеме қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға да нақтылы жауаптар берілді.

 

Дайындаған: Е.Тажиев.

«Қазақстан жолы» газеті, №43 (688) , 24. 11.2018 жыл.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.