Абаттандыру ережелерін бұзған шымкенттіктер жауапқа тартылды

Полиция қызметкерлері Шымкент қаласының аумағында абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау бойынша күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізеді.
Кезекті профилактикалық жұмыс барысында Абай ауданы Полиция басқармасының учаскелік инспекторлары көше бойына құрылыс қалдықтары мен материалдарын төгіп, аумақтың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізген жергілікті тұрғындарды анықтады. Аталған азаматтарға қатысты тиісті әкімшілік шара қолданылды.
Тәртіп сақшылары абаттандыру ережелерін бұзған тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.