Әбсаттар Сманов мешітінде 170 отбасыға көмек берілді

Бүгін  Шымкент қаласы, Қаратау ауданы  «Әбсаттар Сманов» мешітінде  «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара барысында  Шымкент қаласы, Қаратау ауданы «Әбсаттар Сманов» мешітінің имамы Берік Шотабеков сөз сөйлеп, шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының атынан құттықтау айтты. Және игі шараға қаржылай қолдау көрсеткен барша азаматтарға алғыс білдірді.

Жалпы, қайырымдылық шара басында  көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 170 отбасыға азық-түлік салынғаны «Рамазан қоржыны» таратылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.