АДАСҚАН АҒЫМНЫҢ ТҮБІ – ЖАЗА

Соңғы жылдары халықаралық терроризм ауқымы,  келтірген залалдары мен жиілігі бойынша адамзаттың үлкен проблемаларының біріне айналды.

Сондықтан мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының терроризм мен экстремизмге қарсы күресте атқарып жатқан іс-шаралары қоғам тарапынан жан-жақты қолдау тапқан кезде ғана нәтиже беретіні іс жүзінде дәлелденген.

Осыған байланысты ИЧ-167/3 мекемесінде дінге сенуші сотталған азаматтарға ҚМДБ-ның уәкілі, «РАНТ» мүшесі Қарақұлов Еркебұлан ағамыз «Адасқанн ағымның түбі – жаза» тақырыбында дәріс өткізді. Бұл  дәрісте ол жат ағымның құрбанының ең алғашқы факторлары  білімсіздікпен, санасыздықтан екенін айтып өтті. Оған қоса Ислам дініне шариғи тұрғыдан да, діни тұрғыдан да  қарама- қайшы келетін іс-әрекеттердің көп екенін дәлелдермен түсіндірді. Іс шара өте қызықты, жан-жақты сұрақ-жауаптармен   әсерлі болып өтті.

Бұл іс-шарада жат ағымның құрбаны болып, жазасын өтеп жатқан сотталғанның өкінші турасындағы қысқа метраждағы бейне фильмдерді де, көрсетіп, сотталған азаматтардың түзелуіне ықпал жасадық десек қателеспейміз. Іс-шара соңында келген қонақтар Шымкент қаласы бойынша дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теологы А.Уралбаев, ҚР ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаментінің 3ДЭ басқармасының жедел уәкілі Н.Сәрсембаев өздерінің жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтарға қонымды сөздерін айтып, алдағы уақытта түзелу жолына түсіп, отбасына аман-есен оралуына тілектестік білдірді.

Д.Шермуханбетов, ИЧ-167/3 мекемесінің САӘПТЖБ бөлім бастығы, әділет майоры.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.