Ағаш бұтақтарына санитарлық кесу жұмыстары атқарылды

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларында ағаш бұтақтарына санитарлық кесу, тазалық және аула аумағындағы ағаштарды суғару жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда Сайрам, Елшібек батыр және Ш.Уалиханов көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлердің аумағында атқарылуда. Жауапты мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС-і тарапынан кестеге сәйкес орындалуда

Айта кетейік бұл жұмысқа 4 техника мен 35 жұмысшы жұмылдырылған. Жұмысшылардың еңбегі аудан тұрғындары тарапынан әрқашан бағаланып, алғыс және ризашылық көңілдерін білдіруде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.