АХМЕТЖАН ЕСІМОВ: ТРАНСФОРМАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАН ТҮСКЕН ПАЙДА КӨЛЕМІ 86 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙДЫ

2019 жылдың соңына қарай «Самұрық-Қазына» Трансформация бағдарламасын жүзеге асырудан түскен пайда көлемі 86 млрд теңгеге жетеді. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Digital Samruk-2019 конференциясы барысында мәлімдеді.

Конференцияның тақырыбы – «Цифрлық трансформация: ел экономикасының өсу нүктелері». Сондай-ақ, іс-шараға ҚР премьер-министрі Асқар Мамин, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев және Қордың портфельдік компанияларының басшылары қатысты.

Премьер-министр Асқар Мамин әлемдік аренада елдің одан әрі өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қазақстандық экономиканы цифрландырудың өсіп келе жатқан өзектілігін атап өтті, сондай-ақ қордың жұмысын жоғары бағалады.

«Самұрық-Қазына» қоры стартап инновациясына тұрақты сұраныс жасау үшін үлкен әлеуетке және мүмкіндіктерге ие. Сандық технологияларды одан әрі ықпалдастыру Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 экономиканың тізіміне кіруі және қазақстандықтардың әл — ауқатын жақсарту үшін шешуші мәнге ие», — деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ «АҚ портфельдік компанияларының және олардың серіктестерінің сандық технологиялар мен «ақылды қалалар» саласындағы жетістіктер көрмесімен танысты.

Өз кезегінде, Қор басшысы қор компаниялар тобында цифрлық трансформация бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелерін ұсынды.

«Трансформация бағдарламасы аясында нақты жобаларды жүзеге асыру есебінен соңғы екі жылда пайда көлемі 86 млрд теңгені құрайды. Бұл тек тікелей пайда, тағы жанама түрі бар. Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қор компаниялар тобының таза табысы шамамен 1 трлн 150 млрд теңгені құрады. Шоғырландырылған бюджетке төлемдер 14%-ғп өсіп, 813 млрд теңгені құрады. Бір жыл ішінде Үкіметке дивидендтер көлемі 2 есеге, ақшалай түрде 5 есеге артты» ,- деді Ахметжан Есімов.

Ауқымды IT аудит қорытындылары  бойынша тиімділік тұрғысынан күмәндә жобаларды іске асыруға арналған шығындар оңтайландырылды. IT тиімділігін арттырудан жалпы пайда 60 млрд теңгені құрады. Холдингішілік сатып алу көлемі 4 есе – 2 трлн теңгеден 515 млрд теңгеге дейін азайды. Бір көзден сатып алу 900 млрд теңгеге немесе 1,5 есеге қысқарды. Категориялық сатып алуды дамыту жұмыстары шамамен 24 млрд теңге пайда алуға мүмкіндік берді. Бәсекелі ортаға 618млрд. теңге берілді. Осылайша, сатып алу тетігін жетілдіру шамамен 140 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді.

Сөз соңында Ахметжан Есімов Қор негізгі көрсеткіштерді, оның ішінде трансформацияны жүзеге асыру есебінен жақсартуды жалғастыратынын атап өтті.

Айта кеткен жөн, 2018 жылы жаңа топ-менеджменттің келуімен 2014 жылы бекітілген трансформация бағдарламасы қайта қаралып, өндірістік бизнес-процестерді цифрландыруға назар аудара отырып өзектілігін арттырды.  Осылайша, Қор жаңа IT технологияларын әзірлеу мен енгізуді көздейтін нақты және қол жетімді мақсаттармен цифрлық трансформацияға көшті.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.