Әйел асханасы: «Шөмеле» салаты

Құрамы: 200 г қақталған тауық еті, 1 қышқылдау алма, 3 маринадталған қияр, 2 жұмыртқа, 1 сәбіз, 2 картоп, 1 бума көк пияз, майонез, 2 ас қасық өсімдік майы.

Дайындалуы: Сәбіз пен жұмыртқаны суға пісіріп аламыз. Суыған соң, тазалап, сәбізді, жұмыртқаны, алманы, қиыр мен тауық етін төртбұрышты етіп тураймыз да, бәрін араластырып, майонез қосамыз. Картопты корей сәбізіне арналған үккіштен өткізіп, өсімдік майына қызарғанша қуырып аламыз. Көк пиязды 5-7 см ұзындықта тураймыз да, салат ыдысының шеттеріне қоршаулап саламыз. Ортасына дайын салатты, бетіне қуырылған картопты үйіп саламыз. Бетін аскөкпен әрлеуге болады. Асыңыз дәмді болсын!

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.